Өңірлер

Қостанай облысында балыққа шыққан ерлі-зайыпты көз жұмды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Трагедия бұрынғы "Волна" туристік базасында болды. Адамдар отырған автокөлік мұз астына түсіп кетті
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысында үш адам мінген Renault Duster автокөлігі мұз астына түсіп кетті.
Трагедия 9 желтоқсан, 20.50-де Денисовка ауылында, бұрынғы "Волна" туристік базасында болды, деп жазады "Алау" басылымы.
Балық аулағаннан кейін жолға шыққан автокөлік ойылған мұзға батып кеткен. Салонда отырған үш адамның тек біреуі – 62 жастағы ер адам аман қалды. 56 жастағы жүргізуші мен оның 44 жастағы әйелі ажал құшты.
Суға батқан көліктен аман шыққан отбасының досы бұрынғы туристік базаның күзет үйіне жетіп, болған оқиға жайлы ұлына айтқан. Ал ол 112 қызметіне хабар берді.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жетті. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.
Оқи отырыңыз: 
Жаңалықтар
0