Қоғам

Қазақстандықтар мереке күндері қайда ұша алады

© Photo : официальный сайт авиакомпании Air AstanaСамолет авиакомпании Air Astana
Самолет авиакомпании Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2021
Жазылу
Министрлік мәліметінше, халықаралық бағыттарда 24 елге 68 бағыт бойынша аптасына 247 рейс орындалады
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандықтардың демалыста ұша алатын елдер тізімін жариялады. 
Министрлік мәліметінше, халықаралық бағыттарда 24 елге 68 бағыт бойынша аптасына 247 рейс орындалады.
Осылайша, қазақстандықтар алдағы мереке күндері келесі елдерге бара алады:
  • Түркияға - 39 рейс (Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл, Алматы – Ыстамбұл, Шымкент – Ыстамбұл, Нұр-Сұлтан – Анталия, Алматы – Анталия, Ақтау – Ыстамбұл, Ақтөбе – Ыстамбұл, Түркістан – Ыстамбұл);
  • Біріккен Араб Әмірліктеріне - 47 рейс (Нұр-Сұлтан – Дубай, Алматы – Дубай, Нұр-Сұлтан – Абу-Даби, Алматы – Шарджа, Нұр-Сұлтан – Шарджа, Алматы-Абу-Даби, Шымкент-Дубаи, Ақтау - Дубаи);
  • Ресейге - 42 рейс (Нұр-Сұлтан-Мәскеу, Нұр-Сұлтан-Санкт-Петербург, Нұр – Сұлтан – Омбы/Новосибирск/Калининград, Алматы – Мәскеу/Калининград, Ақтау – Мәскеу/Грозный, Қарағанды-Мәскеу, Қостанай-Мәскеу және Шымкент-Мәскеу;
  • Өзбекстанға - 32 рейс (Нұр-Сұлтан – Ташкент, Алматы – Ташкент, Алматы – Самарқанд, Ақтау – Үргенш/Нүкіс, Ақтөбе – Нөкіс, Түркістан-Ташкент;
    Грузияға - 18 рейс (Нұр-Сұлтан/Атырау/Ақтау – Кутаиси, Алматы/Ақтау – Тбилиси);
  • Қырғызстанға - 11 рейс (Алматы-Бішкек, Түркістан-Бішкек, Нұр-Сұлтан-Бішкек);
    Беларусьқа - 8 рейс (Нұр-Сұлтан-Минск, Алматы-Минск);
  • Украинаға - 7 рейс (Нұр-Сұлтан-Киев, Алматы-Киев);
  • Германияға - 9 рейс(Нұр-Сұлтан-Франкфурт, Орал-Франкфурт, Атырау-Франкфурт, Алматы-Франкфурт);
  • Тәжікстанға - 2 рейс (Алматы –
    Душанбе);
  • Оңтүстік Кореяға - 3 рейс (Алматы-Сеул);
  • Нидерландыға - 2 рейс (Атырау-Амстердам);
  • Польшаға - 2 рейс (Нұр-Сұлтан – Варшава);
  • Арменияға - 2 рейс (Ақтау-Ереван);
  • Ұлыбританияға - 1 рейс (Нұр-Сұлтан-Лондон);
  • Венгрияға - 1 рейс (Будапешт-Нұр-Сұлтан);
  • Мальдив аралдарына - 4 рейс (Алматы-ере);
  • Таиландқа - 2 рейс (Алматы – Пхукет);
  • Әзірбайжанға - 3 рейс (Алматы – Баку);
  • Катарға - 2 рейс (Алматы – Доха);
  • Сауд Арабиясына - 3 рейс( Алматы-Джидда, Алматы-Медина, Шымкент – Медина);
  • Кувейтке - 2 рейс (Алматы – Эль-Кувейт);
  • Шри-Ланка - 2 рейс (Алматы-Коломбо);
  • Үндістан- 3 рейс (Алматы – Дели).
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстан арқылы Беларуське ұшатын жолаушылар тасымалына тыйым салынуы мүмкін
Қазақстандықтар АҚШ-қа тікелей рейспен ұша алады – заң жобасы мақұлданды
Жаңалықтар
0