https://sputnik.kz/20211211/Zeynetaky-zhinagyn-ozgeris-18878387.html
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешу: екі жаңа өзгеріс енгізілді
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешу: екі жаңа өзгеріс енгізілді
Sputnik Қазақстан
Жаңа нормаларға сәйкес енді бірқатар мүмкіндікті пайдалануға болады, деп хабарлады министрлік 11.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-11T08:29+0500
2021-12-11T08:29+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
зейнетақы
зейнетақы жинағы
өзгерістер
https://sputnik.kz/img/1253/41/12534108_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_e978f1db7a275e5f8ff235a09e0c2ce3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін пайдалануға қатысты бұйрыққа қол қойды."Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрыққа қол қойды", - делінген ведомстов хабарламасында.Жаңа нормаларға сәйкес енді мынандай мүмкіндіктерді пайдалануға болады:Бұл ретте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымды кепіл ретінде беруге болмайды.Жеткілікті меженің көтерілуіЕстеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін жеткілікті шегінің көрсеткіштері күрт өсетіні хабарланды.Зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткілікті шегі 21 жаста – 3,2 млн теңге, 22 жаста – 3,3 млн теңге, 30 жаста – 4,4 млн теңге, 40 жаста – 5,8 млн теңге, 50 жаста – 7,4 млн теңге болуы қажет.БЖЗҚ ең төменгі жеткілікті шегінің сомасы әрбір жас үшін есептелетінін және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының артуы ескерілгенін хабарлады.Бұл қоғам тарапынан наразылық туындатып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.Оқи отырыңыз: "Отбасы банк" зейнетақы жинағын депозитке аударуға қатысты мәлімдеме жасадыЗейнетақының жеткілікті шегі: сенатор есептеу әдісін өзгертуді сұрады"Қызметкеріміз қателесті": еңбек министрлігі кешегі мәлімдемесін жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1253/41/12534108_14:0:1721:1280_1920x0_80_0_0_87f1e7839e04d75428ce1c75576e77c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы, зейнетақы жинағы, өзгерістер
зейнетақы, зейнетақы жинағы, өзгерістер
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешу: екі жаңа өзгеріс енгізілді
08:29 11.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жаңа нормаларға сәйкес енді бірқатар мүмкіндікті пайдалануға болады, деп хабарлады министрлік
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін пайдалануға қатысты бұйрыққа қол қойды.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрыққа қол қойды", - делінген ведомстов хабарламасында.
Жаңа нормаларға сәйкес енді мынандай мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
- тұрғын үй сатып алу мақсатында одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыру. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет.
- жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке тұрғын үй салу.
Бұл ретте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымды кепіл ретінде беруге болмайды.
Жеткілікті меженің көтерілуі
Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін жеткілікті шегінің көрсеткіштері күрт өсетіні хабарланды.
Зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткілікті шегі 21 жаста – 3,2 млн теңге, 22 жаста – 3,3 млн теңге, 30 жаста – 4,4 млн теңге, 40 жаста – 5,8 млн теңге, 50 жаста – 7,4 млн теңге болуы қажет.
БЖЗҚ ең төменгі жеткілікті шегінің сомасы әрбір жас үшін есептелетінін және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының артуы ескерілгенін хабарлады.
Бұл қоғам тарапынан наразылық туындатып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.