https://sputnik.kz/20211209/senatorlar-ukimet-zeynetaqy-18864209.html
Зейнетақының жеткілікті шегі: сенатор есептеу әдісін өзгертуді сұрады
Зейнетақының жеткілікті шегі: сенатор есептеу әдісін өзгертуді сұрады
Sputnik Қазақстан
Биыл Қазақстандағы инфляция деңгейі 8,5 процентке жеткен. Келесі жылы үкімет оны 4-6 процентке төмендетуді көздейді. Ал үш жылдың ішінде 4 процентке дейін... 09.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-09T09:43+0500
2021-12-09T09:43+0500
2023-08-09T12:51+0500
қоғам
үкімет
зейнетақы жинағы
сенат депутаттары
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/13/15515201_0:0:1201:678_1920x0_80_0_0_633ae1e5c5d2015a988b5cc5f2aec59c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаттары зейнетақы жинағын мерзімінің бұрын пайдаланудың шекті мөлшерін ең төменгі жалақымен емес, инфляция деңгейімен есептеуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сенаттың бүгінгі отырысында депутат Нұрлан Қылышбаев президент зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану бастамасын не үшін іске асыруды тапсырғанын еске салды. Біріншіден, адамдар тұрғын үй жағдайын жақсарта алады. Екіншіден, зейнетақы қорына ақша аударатын адамдардың саны көбейеді.Осылайша, "конвертпен" жалақы алатындардың саны азаяды деген жоспар болған. Себебі халық жұмыс берушіден зейнетақы жарналарын аударуды талап ете бастайды. Алайда келесі жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінің бұрын пайдаланудың шекті мөлшері көтеріледі. Соның салдарынан маңызды бастаманың тиімділігі болмай қалады."Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалана алатын адамдардың саны күрт төмендейді. 2021 жылы олардың саны 700 мыңнан артық болса, келесі жылы шекті мөлшердің өзгеруіне байланысты айтарлықтай азаяды. Сонда жасы үлкендер үшін жектілікті шектің көлемі 60 процентке, ал жастар үшін 80 процентке дейін көтеріледі. Ондай жағдай осы бағдарламаға деген халықтың сенімін төмендетеді", - деді Қылышбаев сенаттың жалпы отырысында.Сенатордың айтуынша, зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеу әдістемесін үкімет әзірлеген. Осыған байланысты ол премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, шекті мөлшерді ең төменгі жалақымен емес, инфляция деңгейімен есептеуді ұсынды."Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, жеткілікті шегін есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізіп, оны жылдық инфляция деңгейінен артық көтермеуді сұраймыз. Бізге жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймыз", - деп атап көрсетті Қылышбаев.Айта кетері, биыл Қазақстандағы инфляция деңгейі 8,5 процентке жеткен. Келесі жылы үкімет оны 4-6 процентке төмендетуді көздейді. Ал үш жылдың ішінде 4 процентке дейін түседі деген болжам бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/13/15515201_0:0:1201:754_1920x0_80_0_0_3a1899ae9458f30da268225544e7d737.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, зейнетақы жинағы, сенат депутаттары
үкімет, зейнетақы жинағы, сенат депутаттары
Зейнетақының жеткілікті шегі: сенатор есептеу әдісін өзгертуді сұрады
09:43 09.12.2021 (жаңартылды: 12:51 09.08.2023) Биыл Қазақстандағы инфляция деңгейі 8,5 процентке жеткен. Келесі жылы үкімет оны 4-6 процентке төмендетуді көздейді. Ал үш жылдың ішінде 4 процентке дейін түседі деген болжам бар
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаттары зейнетақы жинағын мерзімінің бұрын пайдаланудың шекті мөлшерін ең төменгі жалақымен емес, инфляция деңгейімен есептеуді талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенаттың бүгінгі отырысында депутат Нұрлан Қылышбаев президент зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану бастамасын не үшін іске асыруды тапсырғанын еске салды. Біріншіден, адамдар тұрғын үй жағдайын жақсарта алады. Екіншіден, зейнетақы қорына ақша аударатын адамдардың саны көбейеді.
Осылайша, "конвертпен" жалақы алатындардың саны азаяды деген жоспар болған. Себебі халық жұмыс берушіден зейнетақы жарналарын аударуды талап ете бастайды. Алайда келесі жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінің бұрын пайдаланудың шекті мөлшері көтеріледі. Соның салдарынан маңызды бастаманың тиімділігі болмай қалады.
"Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалана алатын адамдардың саны күрт төмендейді. 2021 жылы олардың саны 700 мыңнан артық болса, келесі жылы шекті мөлшердің өзгеруіне байланысты айтарлықтай азаяды. Сонда жасы үлкендер үшін жектілікті шектің көлемі 60 процентке, ал жастар үшін 80 процентке дейін көтеріледі. Ондай жағдай осы бағдарламаға деген халықтың сенімін төмендетеді", - деді Қылышбаев сенаттың жалпы отырысында.
Сенатордың айтуынша, зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеу әдістемесін үкімет әзірлеген. Осыған байланысты ол премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, шекті мөлшерді ең төменгі жалақымен емес, инфляция деңгейімен есептеуді ұсынды.
"Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, жеткілікті шегін есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізіп, оны жылдық инфляция деңгейінен артық көтермеуді сұраймыз. Бізге жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймыз", - деп атап көрсетті Қылышбаев.
Айта кетері, биыл Қазақстандағы инфляция деңгейі 8,5 процентке жеткен. Келесі жылы үкімет оны 4-6 процентке төмендетуді көздейді. Ал үш жылдың ішінде 4 процентке дейін түседі деген болжам бар.