Өңірлер

Ақтөбе тұрғыны 20 жыл бойы бронетранспортерді жасырын сақтап келген – видео

© Photo : Facebook / Ақтөбе Облысы Полиция ДепартаментіКазахстанец 20 лет тайно хранил бронетранспортер
Казахстанец 20 лет тайно хранил бронетранспортер - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2021
Жазылу
Әскери көлік иесінің айтуынша, ол оны 2000-шы жылдары белгісіз біреуден сатып алған
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан — Sputnik. Полиция қызметкерлері карьерде жасырулы тұрған БТР-60 бронетранспортерін анықтады.
Әскери техникада айғақтайтын белгі мен ұрыс элементтері болмады.
Мәлім болғандай, оның иесі техниканы заңсыз сақтаған. Әскери техниканың құжаттары жоқ. Ұрыс машинасы сол карьердің инженеріне тиесілі. Әскери көлік иесінің айтуынша, ол оны 2000-шы жылдары белгісіз біреуден сатып алған. Қазір қажеті болмағандықтан сатып жіберуді ойлаған.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлімі бойынша (Көлік құралының идентификациялық нөмірін өзгерту, қолдан жасау, жойып жіберу) тіркелді.
Көлік иесі аса ірі көлемде айыппұл арқалауы немесе екі жылға бас бостандығынан айырылу, шектеу жазасына тартылуы мүмкін.
БТР Ақтөбенің коммуналдық тұрағына қойылды.

Оқи отырыңыз: 

 
 
Жаңалықтар
0