Өңірлер

Шығыс Қазақстанда қаруланған есірткі тасымалдаушы ұсталды — видео

© Photo : nikolabelopitovРужье, иллюстративное фото
Ружье, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2021
Жазылу
Тінту барысында оның шалбарының оң қалтасынан жасыл түсті өсімдік тектес заты бар қағаз түйіншек табылды
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан — Sputnik. Шығыс Қазақстанда қаруланған есірткі тасымалдаушы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері есірткіні сақтады деген күдікпен Глубокое ауданының 27 жастағы жұмыссыз тұрғынын ұстады.
Тінту барысында оның шалбарының оң қалтасынан жасыл түсті өсімдік тектес заты бар қағаз түйіншек табылды. Ал көліктің алдыңғы орындығында рюкзак жатқан, оның ішінде пластик ыдысқа салынған жасыл түсті өсімдік тектес заты бар 40 полимерлі пакет болған.
Сонымен қатар жүргізуші орындығының астынан бір патроны бар травматикалық тапаншаға ұқсас зат табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 37,67 грамм тәркіленген зат “кептірілген марихуана” болып саналад.
Тәркіленген қару калибрі 18*45 мм ОСА кешенінің ПБ-4-1 моделі, өзін-өзі қорғауға арналған ату құралы екені анықталды. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0