Қоғам

Қолданылмайтын банк карталары клиент үшін несімен қауіпті

© Sputnik / Владислав ВодневБанковские карты
Банковские карты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Адам банк клиенті екенін ұмытып кетіп, қызметті қолданбаса, бұл мүмкіндікті алаяқтар қалт жібермейді
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан — Sputnik. Клиент қолданбай, бос жатқан банк карталарынан комиссия алынуы мүмкін. Жеке мәліметтердің құпиялылығы да жойылуы ықтимал. Бұл туралы "Сколково-РЭШ" қаржы технологиялары мен цифрлық экономиканы зерттеу орталығының жетекшісі Екатерина Семерикова РИА Новостиге айтты.
"Мұндай карталардан комиссия алынуы мүмкін. Қазіргі уақытта картаға тегін қызмет көрсету үшін бір айда жасалатын транзакциялардың минималды сомасы қарастырылған", - деді сарапшы.
Бұған дейін клиенттердің жалақы алатын картасына банк автоматты түрде қызмет көрсеткен. Ал адам өзге жалақы жобасына көшкен кезде бұл артықшылықты жоғалтады. Мұндай банк картасын жауып тастамаса, комиссия алынады.
"Сондай-ақ, "өлі" карталарды ұстаушылар олардың дербес деректері кез келген жағдайда банкте сақталатынын түсінуге тиіс. Байланыс орталықтарынан қоңыраулар, сондай-ақ адамға қажет емес өнімдердің ұсынысы бар хабарламалар келеді. Жеке деректер алаяқтардың қолына түсуі әбден мүмкін", - деп ескертеді сарапшы.
Адам банк клиенті екенін ұмытып кетіп, қызметті қолданбаса да, бұл мүмкіндікті алаяқтар қалт жібермейді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0