https://sputnik.kz/20211209/Sot-qarzhylandyru-model-18864776.html
Соттарды қаржыландыру моделі өзгереді – сенат заң қабылдады
Соттарды қаржыландыру моделі өзгереді – сенат заң қабылдады
Sputnik Қазақстан
Соттарды қаржыландырудың жаңа моделі сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді 09.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-09T10:28+0500
2021-12-09T10:28+0500
2023-08-09T12:51+0500
қоғам
заң
қаржыландыру
сенат
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаттары сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы конституциялық заңға өзгеріс енгізуді көздейтін заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заңның негізгі мақсаты – судьялардың кәсіби дайындығын шыңдау, сот жүйесіне білікті маман тарту, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделін белгілеу.Осыған байланысты құқықтың аса күрделі салаларында мамандандырылған біліктілік емтиханы жеке конкурс ретінде ұйымдастырылады. Ал сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия Жоғарғы соттың жалпы отырысы бекітетін тиісті әдістеме негізінде судьялардың кәсіби қызметін бағалайды.Оқи отырыңыз: Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды Ал судьялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында судьяны тәртіптік жазаға тартудың ескіру мерзімі ұзарады. Атап айтқанда, теріс қылық жасалған кезден бастап бір жылдан екі жылға дейін, ол анықталған кезден бастап үш айдан бір жылға дейін ұзарады. Осы уақыттың ішінде тәртіптік жазаны қолдануға рұқсат бар. Соттарды қаржыландырудың жаңа моделіне сәйкес, республикалық бюджеттен ақша пайыздық өлшеммен беріледі. Оның мөлшері жыл сайын барлық мемлекеттік орган шығыстарының кемінде 6,5% пайызын құрайды. Ал Жоғарғы соттың кеңейтілген жалпы отырысы оны ары қарай бөледі.Оның айтуынша, соттарды қаржыландырудың жаңа моделі мен судьялардың өзін-өзі басқару органдарының қаражатты бөлуі сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Айта кетері, сенаттың бүгінгі отырысында сот жүйесі, азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заңдар да қабылданды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заң, қаржыландыру, сенат
Соттарды қаржыландыру моделі өзгереді – сенат заң қабылдады
10:28 09.12.2021 (жаңартылды: 12:51 09.08.2023) Соттарды қаржыландырудың жаңа моделі сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаттары сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы конституциялық заңға өзгеріс енгізуді көздейтін заңды қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңның негізгі мақсаты – судьялардың кәсіби дайындығын шыңдау, сот жүйесіне білікті маман тарту, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделін белгілеу.
Осыған байланысты құқықтың аса күрделі салаларында мамандандырылған біліктілік емтиханы жеке конкурс ретінде ұйымдастырылады. Ал сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия Жоғарғы соттың жалпы отырысы бекітетін тиісті әдістеме негізінде судьялардың кәсіби қызметін бағалайды.
Ал судьялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында судьяны тәртіптік жазаға тартудың ескіру мерзімі ұзарады. Атап айтқанда, теріс қылық жасалған кезден бастап бір жылдан екі жылға дейін, ол анықталған кезден бастап үш айдан бір жылға дейін ұзарады. Осы уақыттың ішінде тәртіптік жазаны қолдануға рұқсат бар.
Соттарды қаржыландырудың жаңа моделіне сәйкес, республикалық бюджеттен ақша пайыздық өлшеммен беріледі. Оның мөлшері жыл сайын барлық мемлекеттік орган шығыстарының кемінде 6,5% пайызын құрайды. Ал Жоғарғы соттың кеңейтілген жалпы отырысы оны ары қарай бөледі.
"Соңғы жылдары судьялыққа кандидаттарды іріктеу қатаңдатылып, нәтижесінде бос орындардың саны өсіп, қазір ол 12 пайызды құрап отыр және бұл сот жұмысының сапасына кері әсер етуде. Мемлекет басшысының сот жүйесіне құқықтың күрделі салаларына білікті мамандарды тартуға қатысты тапсырмасына сәйкес, судьялыққа маманданған кандидаттарды іріктеу үшін жеке конкурс енгізу ұсынылады", - дейді сенатор Нұрлан Бекназаров.
Оның айтуынша, соттарды қаржыландырудың жаңа моделі мен судьялардың өзін-өзі басқару органдарының қаражатты бөлуі сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Айта кетері, сенаттың бүгінгі отырысында сот жүйесі, азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заңдар да қабылданды.