https://sputnik.kz/20211209/Shardara-zhanarmay-stantsiyasy-18867455.html
Шардарада жанармай станциясына қарақшылық шабуыл жасалды
Шардарада жанармай станциясына қарақшылық шабуыл жасалды
Sputnik Қазақстан
Жанар-жағармай станциясына түнде Daewoo Nexia көлігі келген. Ішінен медициналық бетперде киген үш адам түскен 09.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-09T13:59+0500
2021-12-09T13:59+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
жанармай
қарақшылық
https://sputnik.kz/img/616/99/6169993_0:0:2990:1691_1920x0_80_0_0_6a068f2b36a32afbabd2215404e4838e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында жанар-жағармай станциясына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлады Polisia.kz. Ресми мәліметке сәйкес, Шардара ауданында орналасқан жанар-жағармай станциясына түнде Daewoo Nexia көлігі келген. Ішінен медициналық бетперде киген үш адам қару ұстап түскен. Ал жанар-жағармай станциясында екі адам ғана болған. Біреуі – кассир, екіншісі – қарапайым жұмыскер. Қарақшылар екеуін қорқытып, ақша талап еткен. Сосын кассадан 120 мың теңгені алып, қашып кеткен. Даладағы көлікте оларды тағы бір сыбайласы күтіп отырған.Оқи отырыңыз: Алматы облысында қаруланған жігіттер ойын клубына баса-көктеп кірді – видеоОқиға орнына барған полицейлер күдіктілердің қай бағытта қашып кеткенін анықтады. Сөйтіп, Жетісай аудандық полиция бөліміне хабарласып, қылмыскерлерді ұстауға аттанды. Қарақшылар 40 шақырым шалғай жерге кетіп қалған. Ал полицияны көрген бойда көлікті тастап, қаша жөнеліпті. Екеуі қолға түсті, екеуі қашып кетті.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бапта мүлкiн тәркiлеп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/616/99/6169993_0:0:2990:1879_1920x0_80_0_0_a131fad70288de2ba3f3706d07831508.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жанармай, қарақшылық
Шардарада жанармай станциясына қарақшылық шабуыл жасалды
13:59 09.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жанар-жағармай станциясына түнде Daewoo Nexia көлігі келген. Ішінен медициналық бетперде киген үш адам түскен
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында жанар-жағармай станциясына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлады
Polisia.kz. Ресми мәліметке сәйкес, Шардара ауданында орналасқан жанар-жағармай станциясына түнде Daewoo Nexia көлігі келген. Ішінен медициналық бетперде киген үш адам қару ұстап түскен. Ал жанар-жағармай станциясында екі адам ғана болған. Біреуі – кассир, екіншісі – қарапайым жұмыскер. Қарақшылар екеуін қорқытып, ақша талап еткен. Сосын кассадан 120 мың теңгені алып, қашып кеткен. Даладағы көлікте оларды тағы бір сыбайласы күтіп отырған.
Оқиға орнына барған полицейлер күдіктілердің қай бағытта қашып кеткенін анықтады. Сөйтіп, Жетісай аудандық полиция бөліміне хабарласып, қылмыскерлерді ұстауға аттанды. Қарақшылар 40 шақырым шалғай жерге кетіп қалған. Ал полицияны көрген бойда көлікті тастап, қаша жөнеліпті. Екеуі қолға түсті, екеуі қашып кетті.
"Тергеу кезінде екі күдіктінің Жетісай ауданының тұрғыны екені анықталды. Үшіншісі – Ақмола облысының тумасы, төртіншісі – Шымкент тұрғыны. Төртеуі де бұрын сотталған. Іздеу шаралары жалғасып жатыр", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бапта мүлкiн тәркiлеп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.