Өңірлер

Алматы облысында қаруланған жігіттер ойын клубына баса-көктеп кірді – видео

© AFP 2024 / ALAIN JOCARDЧеловек в наручниках, задержанный полицейскими, фото из архива
Человек в наручниках, задержанный полицейскими, фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Қылмыскерлер кассадан бір миллион теңгеден астам ақшаны алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Жәркент қаласындағы компьютер клубына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 15 қараша күні таңғы сағат 04:00-де болған. Қылмыскерлер кассадан бір миллион теңгеден астам ақшаны алып кеткен.  

Видеодан екі ер адамның қару ұстап кіргенін көруге болады. Бұл кезде компьютер клубында адамдар отырған. Қарақшылардың бірі бірден кассаға өтіп, ақша талап еткен. Бірақ қызметкер қарсылық көрсетеді. Осы кезде ол төбеге оқ атқан. Одан кейін қызды итеріп жіберіп, кассадағы ақшаны алып кеткен.

Полицейлер қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Алматыда үш адамды ұстады. Біреуі қонақ үйде ұсталса, екіншісі жалдамалы пәтерде болған. Ал үшіншісін көшеде қамауға алды.

"20 жастағы күдіктіден ақшаның жартысы мен тапанша тәркіленді. Қалған бөлігі 22 жастағы екінші күдіктіден және олардың 23 жастағы серіктесінен табылды", - дейді полицейлер.

Олар ақшаның бір бөлігін ойын-сауыққа жұмсап үлгеріпті. Қылмыс орнынан диаметрі 9 мм болатын атылған гильза табылды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі 1,4-тармақтары (Қарақшылық, қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары басталды. Мұндай қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0