https://sputnik.kz/20211209/Atyrau-karantinge-aqparat-18869263.html
Желіде Атырау ертеңнен бастап карантинге жабылады деген ақпарат тарады
Желіде Атырау ертеңнен бастап карантинге жабылады деген ақпарат тарады
Sputnik Қазақстан
Атырау облысының әкімдігі желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді 09.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-09T16:28+0500
2021-12-09T16:28+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
атырау
карантин
жалған ақпарат
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0c/15462150_0:132:3067:1866_1920x0_80_0_0_677315b616d4082446c0048f225f844b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысының әкімдігі 10 желтоқсаннан бастап Атырау қаласы карантинге жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды.WhatsApp мессенджерінде "10 желтоқсаннан бастап Атырау толықтай карантинге жабылады" деген хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stopfake.kz.Атырау облысының әкімдігі желідегі қауесетке түсініктеме берді."Бұл ақпарат негізсіз. 2021 жылы 8 желтоқсанда Атырау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің карантиндік шектеулер туралы қаулысы шықты. Бұл құжатта Атырау облысы толықтай карантинге жабылатыны жайлы мәлімет жоқ", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.Әкімдік жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.Оқи отырыңыз: Тағы бір қалада "көк" мәртебесі барларға шектеу енгізілдіБұған дейін Атырауда 10 желтоқсаннан бастап ойын-сауық сауда орталықтарына жұмыс күндері де тек "жасыл" статусы бар адамдар кіре алатыны хабарланды. Сондай-ақ теріс нәтижелі ПТР-анықтамасы бар адамдар да кіргізіледі. Бірақ анықтаманың мерзімі жеті күннен аспауы шарт. Бұдан бөлек, тұрақты медициналық көрсетілімі бар және соңғы үш айда коронавируспен ауырып шыққандар да ойын-сауық сауда орталықтарына кіре алады.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0c/15462150_0:35:3067:1963_1920x0_80_0_0_077211f6e5964ced217f64121c9db3ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, карантин, жалған ақпарат
атырау, карантин, жалған ақпарат
Желіде Атырау ертеңнен бастап карантинге жабылады деген ақпарат тарады
16:28 09.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Атырау облысының әкімдігі желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысының әкімдігі 10 желтоқсаннан бастап Атырау қаласы карантинге жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды.
WhatsApp мессенджерінде "10 желтоқсаннан бастап Атырау толықтай карантинге жабылады" деген хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды
Stopfake.kz.Атырау облысының әкімдігі желідегі қауесетке түсініктеме берді.
"Бұл ақпарат негізсіз. 2021 жылы 8 желтоқсанда Атырау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің карантиндік шектеулер туралы қаулысы шықты. Бұл құжатта Атырау облысы толықтай карантинге жабылатыны жайлы мәлімет жоқ", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Әкімдік жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Бұған дейін Атырауда 10 желтоқсаннан бастап ойын-сауық сауда орталықтарына жұмыс күндері де тек "жасыл" статусы бар адамдар кіре алатыны хабарланды. Сондай-ақ теріс нәтижелі ПТР-анықтамасы бар адамдар да кіргізіледі. Бірақ анықтаманың мерзімі жеті күннен аспауы шарт. Бұдан бөлек, тұрақты медициналық көрсетілімі бар және соңғы үш айда коронавируспен ауырып шыққандар да ойын-сауық сауда орталықтарына кіре алады.