Өңірлер

Тағы бір қалада "көк" мәртебесі барларға шектеу енгізілді

© Sputnik / Тимур БатыршинТоргово-развлекательный центр MEGA в Алматы
Торгово-развлекательный центр MEGA  в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
"Көк" статусы бар адамдарға қатысты жаңа шектеулерді алып тастау үшін ұжымдық иммунитет болуы қажет
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Атыраудағы ойын-сауық сауда орталықтарына жұмыс күндері де тек "жасыл" статусы бар адамдар ғана кіре алады. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау депаратменті басшысының орынбасары Әлия Бекешева мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті ATPress.kz сайты.
"10 желтоқсаннан бастап ойын-сауық сауда орталықтарына жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз "жасыл" статус болған жағдайда, яғни вакцина алған адамдарға ғана кіруге болады", - деді Бекешева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, ПТР-сынамысының теріс нәтижесі бар адамдар да кіргізіледі. Бірақ анықтаманың мерзімі жеті күннен аспауы шарт. Сонымен қатар тұрақты медициналық көрсетілімі бар және соңғы үш айда коронавируспен ауырып шыққандар да ойын-сауық сауда орталықтарына кіре алады.
Айта кетері, мұндай талап Нұр-Сұлтан да қаласында енгізілген. 15 қарашадан бастап ойын-сауық орталықтарына тек "жасыл" статусы барларды ғана кіргізеді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзіне қарағанда, "көк" статусы бар адамдарға қатысты жаңа шектеулерді алып тастау үшін ұжымдық иммунитет болуы қажет.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, осы жылдың соңына дейін бүкіл халықтың 40%-і, ал келесі жылдың ортасына дейін 70%-і коронавирусқа қарсы вакцина алуы керек. Егер осы процентке қол жеткізсек, жалпы әлемде коронавирус маусымдық инфекцияға айналады", - дейді Цой.

Оқи отырыңыз: 

"Жасыл" статусы жоқ қазақстандықтар демалыс күндері қайда кіре алады
Жаңалықтар
0