Қоғам

Вакцина алған балаларға "жасыл" статус беріле ме – вице-министр жауабы

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуВакцинация добровольцев против COVID-19
Вакцинация добровольцев против COVID-19  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
Вакцина салдырған балалардың вакциналау паспорты болады. Бірақ балаларды Ashyq жүйесіне енгізу әзірге қарастырылып жатқан жоқ, деді Ғиният

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният балаларды вакциналау басталғаннан кейін оларға Ashyq-та "қызыл", "көк" немесе "жасыл" статус беріле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцина салдырған балалардың вакциналау паспорты болады. Бірақ балаларды Ashyq жүйесіне енгізу әзірге қарастырылып жатқан жоқ. Бұл мәселе ведомствоаралық комиссияда қаралады", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Вице-министр қазір ең басты міндет балаларға вакцина салып, оларды індеттен қорғау екенін атап өтті. Ол вакцина балаларға ата-ананың келісімімен ғана салынатынын еске салды.

Еске сала кетейік, жақында Қазақстанда Pfizer вакцинасы жеткізілді. Ол жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға және 12 мен 17 жас аралығындағы балаларға егіледі.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0