Украинаға кім қару-жарақ жеткізіп отыр

© AFP 2022 / SERGEI SUPINSKYЦентральная площадь Киева
Центральная площадь Киева - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
НАТО-ның көп елі бүгінде Украинаға қару-жарақ жеткізу бойынша көмек қолын созуға талпынып отыр
Бірақ бұл жеткізулер Ресеймен арада қақтығыс бола қалған жағдайда Киев режимі үшін ақырғы нәтижені еш өзгертпейтінін түсіне ме екен? Ұжымдық Батыс Украина қарулы күштерін ескірген және тиімсіз қарумен жабдықтауды тоқтатар емес, деп жазды РИА Новости.
6 қарашада америкалықтар Украина қарулы күштеріне АҚШ Жағалау күзетінің иелігінен шығарылған екі Island катерін салтанатты түрде сатты. Бұл катерлер бастапқыда жағалау аймағында контрабандистер және есірткі саудагерлерімен күресуге арналған. Сонымен қатар патрульдік катер заманауи теңіз соғысында еш пайдасы тимейтін екі пулеметпен жабдықталған.
Люди в флагами Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Әлем
Украина өз атауын өзгертуді көздеп отыр
Ал Украина АҚШ-тан бұған дейін ауған армиясына деп белгіленген қару-жарақ пен оқ-дәріні алуға ниеттеніп отыр. Вашингтон Киевке алты Embraer EMB 314 Super Tucano турбиналы-винтті бразилиялық шабуылдаушы ұшағын сатуға дайын.
Мұндай машиналар Донбастағы қарсылықты басып-жаншу үшін қажет болып қалуы мүмкін. Алайда Ресей әскери-ғарыш күштерімен тайталасқа түскенде тиімсіз. Сондықтан АҚШ Украинаға Patriot зениттік-зымыран кешендерінің зымыран батареяларын жасырын түрде жеткізуді көздеп отыр.
Украинаға жарамсыз қару-жарақ жеткізгендер қатарында Литва да бар. Соның салдарынан УҚК 56-шы жекелеген мотомеханикаландырылған жаяу әскер бригадасының оқ ату бойынша дайындығы орындалмады. Ал әскерде литвалықтар тарапынан келтірілген шығынды есептеу үшін арнайы тексеру ұйымдастырылды.
Сол сияқты Варшава Киевке "Град" жаппай оқ ату жүйесіне арналған калибрі 122 миллиметр болатын 5000 реактивті снаряд жеткізуге дайын. Бірақ поляк снарядтары ондаған жыл бойы ашық аспан астында сақталып келді. Сондықтан ол УҚК үшін аса қауіпті – кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін.
Жалпы украин артиллериясына жаңа қару-жарақ, оқ-дәрі, заманауи барлау құралдары мен нысананы анықтау жүйелері жетіспей отыр.
2014 жылғы қарулы мемлекеттік төңкерістен кейін Киев режимі елдің НАТО-ға қара бет бұруын жеделдетуге тырысты. Алайда бұл бағдар 2014 жылғы Қырым көктемінен әлдеқайда бұрын, 2002 жылдың көктемінде нақтыланып қойған еді.
Украин әскері альянс нұсқаушыларының көмегімен қайта даярлаудан өтіп, НАТО стандарты бойынша қарулануда. УҚК арсеналында Javelin америкалық танкіге қарсы зымыран кешендері, Barret снайпер винтовкалары, Saxon броньді тасымалдаушылары пайда болды. Бірақ украин әскери-теңіз және әскери-әуе күштерінде кеңестік ескі соғыс техникасы әлі де басым.
Сотрудник СБУ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Әлем
Украина Минск келісімін тежейтін заң жобасын қолдады
Украина қарулы күштеріндегі түрік өндірісіне жататын Bayraktar TB2 соққы жасаушы пилотсыз ұшақтарының Донбаста болуы – Минск келісімін өрескел бұзу болып саналады және Ресейдің осыған қатысты жедел және жоғары технологиялық сипатта жауап қатуына себеп болуы мүмкін.
Жеті жылдың ішінде АҚШ пен НАТО елдері Киевке құны миллиард долларға жететін әскери көмек көрсетті. Украина 2022 жылы әскери шығын көлемін 2,1 миллиард долларға көбейтіп, 11,7 миллиард долларға жеткізгісі келіп отыр. Бірақ Ауғанстандағы жағдай әскери бюджет ауқымды болуы армияның соғысу қабілетінің жоғары болатынына кепілдік емес екенін көрсетті. Сол сияқты бұған дейін Ауғанстан, Ирак пен Грузиядағы әскерді НАТО стандарды бойынша даярлаудың еш нәтиже бермегенін де ұмытпаған жөн.
Ресей Украинаның Тбилисиге Т-72 маркалы 74 танкті, ондаған БМП-1 соғыс машинасын және БТР-70 броньді тасымалдаушыларын жеткізгенін, Украина Қарулы күштерінің Ресейдің әскеріне қарсы соғыс әрекеттеріне ұмыта қойған жоқ.
НАТО елдері грузин әскерін қайта қаруландырә мен даярлау үшін екі миллиард доллар жұмсады. Тбилисиге 175 соғыс танкін, 126 броньді машина, 67 артиллериялық қару, 4 ұшақ, 12 тікұшақ пен 8 әскери-теңіз күштері техникасын берді.
Газпром - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Әлем
Украина "Газпром" әрекетіне қатысты Еуроодаққа шағымданды
Сонымен қатар 8 мың грузин әскери қызметкері АҚШ, Түркияда оқудан немесе НАТО нұсқаушыларының көмегімен өз елінде даярлаудан өтті. "Таза дала" опеерациясына дейінгі төрт жыл ішінде Тбилисдің әскери шығыны 30 есе өсіп, ЖІӨ 10 процентін құрады, ал Грузия қорғаныс министрлігінің бюджеті 2008 жылы 1 миллиард долларға жетті.
Грузин-америкалық әскери-саяси ынтымақтасық сипаты 2008 жылдың 8 тамызында айқын болды. Бұл кезде грузин әскери құрылымдары Оңтүстік Осетияға басып кіріп, "конституциялық тәртіп" орнатпақ болды және Закавказьеде НАТО үшін әскери плацдарм құруға тырысты. Олар бейбіт тұрғындар мен ресейлік бітімгерлерге оқ атты. Ресей шұғыл түрде әрекет етіп, соның нәтижесінде грузин әскері қару мен техниканы тастап кері шегінді. Бірақ грузиндер қару мен техникасы жағынан өздерімен тең қарсыластан қашты. Сондықтан НАТО-ның бүкіл әскери даярлығы мен тактикасы жарамсыз екені анықталды.
Бейбітшілік пен қаруды тастауға мәжбүрлеу аясында ресейлік әскерилер Грузияның шекара департаменті жағалау күзетінің барлық кемесн суға батырды. Грузия-Абхазия қақтығысы аймағында Кодор шатқалындағы грузин әскери тобы қарусыздандырылды. Сондықтан Киев дәл осындай нәтижені қажет етпесе, онда тату көршілік қарым-қатынасты бұзуға талпынудан бас тартуы керек.
АҚШ пен НАТО Киевтегі антиресейлік режим арқылы Ресей шекарасында бітпейтін әскери қақтығыс тудыруды көздеп отыр. АҚШ пен НАТО шекараға тым жақын келді. Мәскеу "серіктестеріне" Украинаны Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін алып әскери базаға айналдыруға жол бермейді.
Содан кейін әлдеқайда тиімді үкіметі жасақталған Украина бейбіт реформалар мен тұрақты дамуға бет бұрады. Бұл бағытты Ресей мен АҚШ президенттерінің күні кеше видеобайланыс арқылы сұхбаттасуы да өзгерте алмайды.
Газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Әлем
Газ нарығындағы текетірес: ірі жоба іске қосылса Украина қанша шығынға ұшырайды
Бірақ "серіктестер" әскери Ресей ұстанымын елейтін емес. Бірақ РФ президенті Владимир Путин украин бағытындағы стратегияны қысқа әрі нұсқа сипаттады: Біз өз қауіпсіздігімізді қорғау үшін жауапты әрекетке көшуге мәжбүр болатынымызды көп рет ескерттік". Путин 2006 жылы пікірталас кезінде-ақ Украинаның НАТО-ға кіруіне жол бермейтінін кесіп айтты. Ол Батыс Ресейдің Киев арқылы өтетін "қызыл сызық шегін" елемей, өз қалауынша әрекет етпейтінін мәлімдеді. Сол себепті Ресей батыс елдері посткеңестік кеңістікті жауластық аумағына айналдырып жатқанда қарап отырмайтыны белгілі.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0