Әлем

Украина "Газпром" әрекетіне қатысты Еуроодаққа шағымданды

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуГазпром
Газпром - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
Газ-көлік жүйесі операторының пікірінше, ресейлік корпорация Украина арқылы транзитті арттырмау үшін Еуропадағы өзіне тиесілі жерасты қоймаларын босатып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Украинаның газ-көлік жүйесінің операторы (УГКЖО) "Газпром" әрекеттеріне байланысты Еуроодақ билігіне шағымданды, деп жазды РИА Новости.

Газ-көлік жүйесі операторының пікірінше, ресейлік корпорация Украина арқылы транзитті арттырмау үшін Еуропадағы өзіне тиесілі жерасты қоймаларын босатып жатыр. Киев бұл іске Еуроодақтың монополияға қарсы органы араласу керек деп санайды.

Компания "Ямал – Еуропа" және "Солтүстік ағын – 1" бағыттарының шілдеде тоқтауы салдарынан ЕО елдеріне екі миллиард текше метрге жуық газ жеткізілмегенін мәлімдеді.

Газоперерабатывающий завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Әлем
АҚШ сұйылтылған табиғи газ зауыттарын сала ма?

"Еуропалықтарға жеткізілмеген газ көлемін өтеу үшін және Украина арқылы қосымша транзитті арттырмас үшін "Газпром" өзінің Еуропада орналасқан жер астындағы газ қоймаларын босатып жатыр. GIE мәліметі бойынша, Еуропада дәл осы "Газпром" бақылау жасайтын жерасты газ қоймаларында газ қоры төмен. Мысалы, Германиядағы "Газпромға" тиесілі Astora жерасты газ қоймаларының толу деңгейі 13%, басқа операторларда – орта есеппен 63%. Австрияда Astora мен GSA ("Газпром" иелігінде) – 14%, басқа операторларда - 48%. "Газпром" келісімшарт талаптарын орындау үшін қазірдің өзінде газды қоймалардан алып отыр. Сәйкесінше Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы газ тапшылығы басым деңгейде қолдан жасалып отыр және баға өсуінің негізгі себебі емес", - деп мәлімдеді Украинаның газ-көлік жүйесі операторының бас директоры Сергей Макогон.

Қызығы, егер расында да газдың толық жеткізілмеуі тіркелген болса, онда наразылықты Украина емес, толық көлемде газ алмаған еуропалықтар айтуы тиіс еді. Бірақ мәселе бұл наразылықтың қаншалықты шынайы екенінде болып отыр.

Ең алдымен осы жылдың жеті айында "Газпром" өткен жылмен салыстырғанда шетелге газ жеткізуді 23%-ке арттырғанын есепке алайық. Шындығында бұл көрсеткіште бірнеше есе артқан Түркияға жеткізулер де есепке алынған. Бірақ дәл Еуропаға газ жеткізудің өзі шамамен 20%-ке ұлғайды. Сондықтан "Газпромды" газ жеткізуді азайтты деп айыптауға болмас.

Бірақ Еуроодаққа басқа газ жабдықтаушылар жеткізулер көлемін қысқартты. Бұл тізімде өзінің газ өндіру инфрақұрылымында профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Норвегия бар. Сондай-ақ Еуропаға құбыржелілік газды жеткізіп, сұйылтылған газды айтарлықтай қымбат бағада сатып алатын Азияға жөнелткен Алжир бар. Бәрінен қатты Азияға мойын бұрған Катарды да ерекше атап өту керек. Американың сұйылтылған газы да сол аймаққа аттанып жатыр.

Газификация Восточного Казахстана: быть ли российскому газу -видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2021
Видео
Шығыс Қазақстанды газдандыру: Ресейден газ тартыла ма – видеокөпір

Еуропадағы ең ірі газ кен орны Гронингеннің біртіндеп жабылуына байланысты еуропаішілік өндіру де қысқарып жатыр. Сондықтан Еуропа нарығындағы газ тапшылығына байланысты шикізат бағасының шарықтауына дәл осы жабдықтаушыларды кінәлау керек.

Сонымен қатар украиналық газ-көлік жүйесі арқылы жеткізулерді бәсеңдету бойынша айыптау да негізсіз. Себебі "Газпром" мен "Нафтогаз" арасында осы жылы 40 миллиард текше метр газ транзитіне арналған келісімшарт бар. Құжат талаптары бойынша "Газпром" газ жөнелтпесе де, сол соманы төлеуге мәжбүр және ол жағдайда да келісімшарт бұзылмайды.

"Газпром" келісілген деңгейден жоғары газ көлемін тасымалдап отыр. Бірінші жартыжылдықта ресейлік корпорация Украина арқылы транзитпен 21,7 миллиард текше метр газ жеткізді. Бірақ келісілген көлем 20 миллиард текше метр болатын. Иә, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы деңгейден төмен. Бірақ ол кезде келісімшарт бойынша ол бір жыл ішінде 65 миллиард текше метр газды жөнелтуі немесе соның ақысын төлеуі керек болды. "Газпром" келісілген көлемді транзиттеген жоқ. Бірақ еш қарсылықсыз 65 миллиард текше метр ақысын өтеді.

Орташа есеппен бірінші жартыжылдықта Украина арқылы транзит 3,62 миллиард текше метрді құрады. Украиналық тарап наразылық танытып отырған шілдеде газ транзитінің көлемі жоғары, яғни 3,85 миллиард текше метр болды.

Украинаның газ-көлік жүйесінің операторы жария еткен тағы бір наразылық Еуропадағы "Газпромның" жерастындағы газ қоймаларының босауына қатысты болды. Мұның укриан операторына не қатысы бар екені түсініксіз. Украинада дәл осындай қоймалардың толу деңгейі жыл сайын екі есе ауытқығанына қарамастан, Ресейдегі де, Еуропадағы да тұтынушылар ешқашан наразылық білдірген емес. "Газрпом" Еуропадағы газ қорын өз қалауынша және өзіне тиімді деңгейде қолдануға құқылы. Сондықтан бұл мәселе ешкімге қатысты болмауы керек.

Алайда осы сұрақтың толыққанды әрі дәлелді жауабы бар. 2020/2021 күз-қыс маусымында ресейлік жерасты газ қоймаларынан рекордтық 60,6 миллиард текше метр газ шығарылды. Бірақ корпорация қысқа 72,3 миллиард текше метр газ қорымен аяқ басты. "Газпром" жоспарына сәйкес, ол жаңа жылыту маусымына 72,6 миллиард текше метр қормен кіруі керек. Ресей қоймаларын толтыру ол үшін бірінші кезектегі мәселе болатыны түсінікті. Сондықтан Еуропадағы жерасты газ қоймаларына күтуге тура келеді. Сол себепті Украинаның газ-көлік жүйесі операторының "Газпромға" қатысты сыни пікірін негізсіз деп атауға әбден болады.

Жаңалықтар
0