https://sputnik.kz/20211208/Toqaev-Germaniya-kantsler-18861444.html
Тоқаев Германияның жаңадан сайланған канцлерін құттықтады
Тоқаев Германияның жаңадан сайланған канцлерін құттықтады
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Германияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктесі деп санайтынын атап өтті 08.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-08T18:04+0500
2021-12-08T18:04+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
жеделхат
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_6271df3c364a026c194a1d29a4f3baea.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған федералдық канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Олаф Шольцті Германия Федеративтік Республикасының федералдық канцлері қызметіне кірісуімен шын жүректен құттықтады.Мемлекет басшысы Германияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктесі деп санайтынын және екі ел арасындағы қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өткен."Қазақ-герман және Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматтарындағы сан қырлы ықпалдастығымыздың мазмұнын одан әрі байыту мақсатында сізбен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенімді растаймын. Орайлы мүмкіндікті пайдаланып, өзара ыңғайлы уақытта сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын", – деп жазылған президенттің жеделхатында.Қасым-Жомарт Тоқаев Олаф Шольцтің игі бастамаларына сәттілік, отбасына баянды бақыт, ал достас герман халқына мол ырыс пен құт-береке тілеген.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_c0feef814205df404c8c8a1e4f490dc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, жеделхат
қасым-жомарт тоқаев, жеделхат
Тоқаев Германияның жаңадан сайланған канцлерін құттықтады
18:04 08.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мемлекет басшысы Германияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктесі деп санайтынын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған федералдық канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Олаф Шольцті Германия Федеративтік Республикасының федералдық канцлері қызметіне кірісуімен шын жүректен құттықтады.
"Бұл тарихи оқиға – халқыңыздың сізге және өзіңіз басқарып отырған коалицияға еліңіздің саяси-экономикалық өркендеуін жалғастыруға, сондай-ақ оның халықаралық деңгейдегі ұлттық мүдделерін ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға артқан сенімінің айқын дәлелі. Осы тұста сіздің қажырлы еңбегіңіз Отаныңызды бүгінгіден де биік белестер мен жаңа табыстарға жетелей беруіне тілектестігімді білдіремін", – делінген құттықтау хатта.
Мемлекет басшысы Германияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктесі деп санайтынын және екі ел арасындағы қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өткен.
"Қазақ-герман және Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматтарындағы сан қырлы ықпалдастығымыздың мазмұнын одан әрі байыту мақсатында сізбен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенімді растаймын. Орайлы мүмкіндікті пайдаланып, өзара ыңғайлы уақытта сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын", – деп жазылған президенттің жеделхатында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Олаф Шольцтің игі бастамаларына сәттілік, отбасына баянды бақыт, ал достас герман халқына мол ырыс пен құт-береке тілеген.