Саясат

Назарбаев Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады

© Photo : Елбасының ресми сайтыНазарбаев Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровты қабылдады
Назарбаев Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Жазылу
Елбасы Қырғызстан жастарының еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуы үшін грант бөлу мүмкіндігі туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті әкімшілігінің басшысы – министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровты қабылдады, деп хабарлады Elbasy.kz.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанның бауырлас халықтарының тарихи жақындығын атап өтті.
Елбасы екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайта түсудің маңыздылығына назар аударды. Осы орайда Елбасы Қырғызстан жастарының еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуы үшін грант бөлу мүмкіндігі туралы айтты.
Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қырғызстан халқына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғысын білдіріп, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың ізгі тілегін жеткізді.
Сонымен қатар Ақылбек Жапаров Тұңғыш президенттің басшылығымен тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қол жеткізген табыстарына ерекше тоқталып, Елбасының екі ел халықтары арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0