Саясат

Назарбаев ЕАЭО құрамына тағы үш елдің кіруі қажет екенін айтты

© Photo : elbasy.kzНазарбаев пен Ресейдің премьер-министрі Мишустин
Назарбаев пен Ресейдің премьер-министрі Мишустин - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Жазылу
Бұл ұйымды нығайтуға тиіспіз. Көршілес Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстан елдері одаққа қосылуы қажет, деді Елбасы

АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақты жаңа елдердің қосылуы есебінен нығайту қажет екені туралы айтты.

19 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан астанасында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының алдында Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесті.

"Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы ретінде оны бақылап отырмын. Бұл ұйымды нығайтуға тиіспіз. Көршілес Өзбекстан, Тәжікстан елдері ұйымға қосылуы қажет. Түрікменстанмен де жұмыс істеу керек", - деп келтірді Назарбаевтың сөзін РИА Новости.

Қазақстанның Тұңғыш президенті Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын "барлық мемлекет үшін үлгі" деп атады.

"Мишустин барлығымыз үшін қиын кезеңде Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалды. Қазақстан да, Ресей де коронавирус пандемиясымен  байланысты экономикадағы қиындықтарды еңсеріп келеді", - деді ол.

Назарбаев жақында Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесіп, бұрынғыдай жұмыс істеуге келіскендерін айтып өтті.

Оқи отырыңыз: Сенат ЕАЭО-да қазақстандықтардың уақыты мен ақшасын үнемдейтін заңды қабылдады

"Қазақстан барлық бағыт бойынша өнеркәсіп кооперациясын дамытуға мүдделі. Біз әрдайым әлемде де, аймақта да Ресейдің саясатымен бір арнада болдық, әрі қарай да солай болады. Ал ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға келер болсақ, бірлескен кәсіпорындарды, соның ішінде әскери-өнеркәсіп кешенін дамыта түсу қажет", - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еуразиялық экономикалық одақ – 2015 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жұмыс істейтін халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. Ол Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік базасында құрылған.

Қазір ЕАЭО құрамында Ресей, Армения, Белорусь, Қазақстан және Қырғызстан бар.

Оқи отырыңыз: "Көлікті ЕАЭО аймағынан шығару қажет": салықшылар ескерту жасады

Жаңалықтар
0