Оқиға

Қызылорда облысында сотталушы өз-өзіне қол салды

© Sputnik / Тимур БатыршинКолючая проволока
Колючая проволока - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2021
Жазылу
Қазіргі таңда қызметтік тексеріс тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысында қауіпсіздігі аралас мекемеде сотталушы көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша ол өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 2 желтоқсанда болған. Бейнебақылау камераларынан материалдар зерделеніп, басқа сотталғандармен сұхбат жүргізілген. Тексеру нәтижесінде марқұмға қатысты заңсыз іс-әрекеттер жасалмағаны анықталды. Ол Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі ("қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 99-бабы 1-бөлігіне ("адам өлтiру") сәйкес жазасын өтеп жүрген. 
Айта кетері, сотталған "суицидке бейім" деген қауіппен мекеменің психологиялық қызметінің профилактикалық есебінде тұрған. Бұған қоса, "органикалық галлюциноз" диагнозы қойылған.
Қазіргі таңда қызметтік тексеріс тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды. 
Органикалық галлюциноздар - белгілі бір органикалық фактор әсерінен болатын үздіксіз галлюцинация күйі. Галлюцинация тұрақты түрде болады. Сана айқын болған кезде де кетпейді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0