Өңірлер

Түркістан облысында оқушы қыз емтиханнан кейін өз-өзіне қол салды

CC0 / Arieth / Жасөспірім қыз
Жасөспірім қыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Трагедия Түркістан облысында болды. Қыздың анасы балаға емтихан кезінде қысым көрсетілгенін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Түркістан облысында тоғызыншы сынып түлегі Эльвира Мықтыбек емтиханнан кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды жергілікті Otyrar.kz порталы.

Ата-анасы қыздарының өлер алдындағы хатын тауып алды. Онда "Анашым, мен сіздердің үміттеріңізді ақтамадым" деп жазылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Әйел қызының сыныптастарынан емтиханда не болғанын сұраған. Олардың айтуынша, мектеп директоры қыз "үшке" оқығандықтан, оның балын әдейі төмендетіпті-міс.

Марқұмның анасы, сонымен бірге, оның сынып жетекшісі де болған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда оқушылар емтиханнан кейін ауруханаға түсті

Ал мектеп директоры оқушыға қысым жасалғанын жоққа шығарып отыр.

Жаңалықтар
0