Қоғам

Нұр-Сұлтанда театр күзетшісіне шабуыл жасалды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2021
Жазылу
14-16 жастағы жасөспірімдер театр маңындағы алаңға барып, скейтпен трюк жасай бастаған
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда театр күзетшісін соққыға жыққан жасөспірімдер ұсталды.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 18:30 шамасында Қонаев көшесіндегі театр маңында болған.
Анықталғандай, 14-16 жастағы жасөспірімдер театр маңындағы алаңға барып, скейтпен трюк жасай бастаған. Бір кезде сырғанап жүрген балаларға 40 жастағы күзетші келіп, ескерту жасайды. Алайда жасөспірімдер оны елемейді, керісінше, балағаттап, әрі қарай сырғанай берген.
Осыдан кейін ер адам полиция шақырмақ болған. Бірақ кәмелетке толмағандар оған шабуыл жасап, жан-жақтан ұра жөнеледі.
Бұзақылардың бәрі полициға жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында тұрғындарға қарулы шабуыл жасағандар ұсталды – видео
Қазіргі таңда "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандар полицияда профилактикалық есепке алынды. Ал ата-аналардың үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша бала тәрбиесі бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Елордалық полиция ата-аналарға балалардың жүріс-тұрысын қадағалап, заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін түсіндіруді ескертті.
Оқи отырыңыз: 
Жаңалықтар
0