Экономика

Зейнетақы жинағын пайдаланғысы келетіндердің саны күрт өсті

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, деньги, купюры, банкноты
Тенге, деньги, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
3 желтоқсанның өзінде біржолғы зейнетақы төлемін алуға ниет білдірген қазақстандықтардан 16 000 өтініш келіп түсті
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Соңғы үш күнде біржолғы зейнетақы төлемін қолдануға 46 мың өтініш берілді, деп хабарлады Отбасы банктің баспасөз қызметі.
Бүгінгі күні enpf-otbasy.кz платформасының 41 744 қолданушысы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан Отбасы банктегі арнайы шотына жалпы көлемі 242 миллиард теңгені аударуға өтініш білдіріп, түсетін қаржыны күтіп отыр.
"3 желтоқсанның өзінде біржолғы зейнетақы төлемін алуға ниет білдірген қазақстандықтардан 16 000 өтініш келіп түсті. Бұл жыл басынан бері жолданған өтініштер көлемі бойынша рекордтық көрсеткіш. Жай күндері платформа арқылы 2 200-ге жуық өтініш қабылданады", - делінген хабарламада.
Қазақстандықтар тұрғын үйді толық сатып алу, Отбасы банкіндегі ипотеканы ішінара төлеу қызметін жиі таңдап жатыр. Сондай-ақ зейнетақы қаражатының бір бөлігін туысқандарына аударатындар да көп.
Айта кетері, қордағы қаражат Отбасы банкіндегі арнайы шотқа аударылғаннан кейін оны қолдануға 45 жұмыс күні беріледі.
2021 жылдың 3 желтоқсанындағы мәлімет бойынша бұл мүмкіндікті 338 499 адам (жалпы көлемі 1,68 триллион теңге) қолданып үлгерді. Олардың дені ипотекаға жүгінбей тұрғын үй алған (171 598 адам). Біржолғы зейнетақы төлемін қолдану бойынша Нұр-Сұлтан, Маңғыстау облысы мен Алматы көш бастап тұр. Ал Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары аса белсенділік танытпаған.
51 884 қазақстандық (жалпы көлемі 51,9 миллиард теңге) зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін емделуге жұмсаған.
Біржолғы зейнетақы төлемін қолданған азаматтардың орта жасы – 41. 68% – ер азаматтар.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0