14:54 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
5687 0 0

Құтқарушылардың зейнет жасына оқу жылдары да қосылады. Бірақ зейнетақының мөлшері тым аз болады деген қауіп бар

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Құтқарушыларды зейнетке ерте шығарудың жолы табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз осы мәселені талай рет талқыладық. Мысалы, 30 жастағы құтқарушы ауыр құрал-жабдықты көтере алады. Ал 63 жастағы адамға ауыр болады. Бірақ құтқарушылардың зейнет жасын төмендетсек, кеншілер және тағы басқа мамандар қалып қояды, әлеуметтік наразылық туындайды. Сондықтан оны кешенді түрде қарастыру қажет", - деді Ильин мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, құтқарушыларды зейнетке ерте жіберудің басқа жолы бар.

"Біз оларды азаматтық қорғаныс органдарының қатарына қызметке шақыруды ұсынып отырмыз. Осылайша, зейнетке ерте шығу мәселесі де, әлеуметтік пакет және тағы басқа мәселелер шешіледі. Қазіргі кезде біз осыны экономика министрлігімен және қаржы министрлігімен пысықтап жатырмыз. Жоспарға сәйкес, зейнет жасына жеткендерді біртіндеп зейнетке шығарамыз, ал жаңадан келгендерге "погон" беріп отырамыз", - деп атап көрсетті Ильин.

Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов тағы бір мәселеге тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, құтқарушылардың зейнет жасына оқу жылдары да қосылады. Бірақ зейнетақының мөлшері тым аз болады деген қауіп бар. Өйткені жалақысы төмен, зейнетақы жинағы да көп емес.

"Мысалы, осы бастамаға 80-81 жылғы азаматтар іліксе, ынтымақты зейнетақыны да, базалық зейнетақыны да ала алмайды. Олар 44-45 жасында зейнетке шыққан жағдайда зейнетақысы өте төмен болады. Сондықтан қазіргі кезде олардың жалақысын екі есеге көбейту мәселесі қаралып жатыр. Осының арқасында зейнетақы қорына аударылатын жарналар да көбейеді", - деді Біржанов.

Тақырып бойынша

Қызылордада құтқарушылар тұрғын үйден екі адамның мәйітін тапты
Газ баллоны неге жарылады – құтқарушылар негізгі себептерін атады
Құтқарушылар қысқа қалай дайындалып жатыр – видео
Алматыда жас қыз 12-қабаттан секіріп кетті
Жыл басынан бері төтенше жағдай салдарынан 1,5 мың адам қайтыс болды
Кілт сөздер:
министр, қызметкерлер, зейнет жасы
Загрузка...

Басты тақырып