Қоғам

Ұшақ жолаушылары 8 айлық сәбидің өмірін арашалап қалды – видео

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
Ұшақта медициналық білімі бар бірнеше жолаушы болған. Олар 40 минут бойы балаға медициналық көмек көрсетті
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағытында ұшқан FlyArystan ұшағының бортында сегіз айлық сәбидің жағдайы нашарлап кетті. Оны медициналық білімі бар жолаушылар құтқарып қалды, деп жазды елордалық Kazakhstan Health Service орталығы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Health Services (@kazakhstan_health_services)

Оқиға 5 желтоқсанда болды. Ұшу кезінде сәби қалшылдап, тұншыға бастады. Оны ұшақтағы оттегі аппаратына қосуға тура келді.
"Бала тұншығып бара жатты. Жүрек соғысы нашарлап кетті. Ол есін жоғалта бастады. Оған жақындағанымызды жүрегі айнып, есін жоғалтып жатты. Ұшақ қонғанға дейін аппаратта ұстадық. Дексаметазон мен аторпинді қолдандық", - деп жазылған орталық парақшасында.
Ұшақта медициналық білімі бар бірнеше жолаушы болған. Олар 40 минут бойы балаға медициналық көмек көрсетті.
"Дексаметазон мен атропин егілгеннен кейін баланың бетіне қан жүгірді. Дер кезінде берілген оттегі де көмектесті. Ұшақтағы дәрігерлердің бәрі бұрыңғы дәрігерлер. Бірақ бұл мамандықта бұрыңғы деген болмайды. Баланың ауыр жағдайыны қарамастан бетін бері қаратты. Ол тірі", - делінген хабарламада.
Бала елордаға ота жасату үшін ұшып бара жатқан. Ұшақ қонғаннан кейін ол қалалық жансақтау бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0