Әлем

Президенттің жеке дәрігері ұшақта қазақстандық нәрестені аман алып қалды

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Жазылу
Нәрестенің денсаулығына байланысты ұшақ шұғыл түрде Анкараға қонды. Содан кейін сәби ауруханаға жеткізілді

АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Түрік депутаты әрі дәрігер Режеп Шекер өзімен бірге Бішкектен Ыстамбұлға ұшып келе жатқан нәрестеге шұғыл көмек көрсетті, деп жазды Anadolu.

Оқиға Turkish Airlines авиакомпаниясының бортында болған.

© Photo : AnadoluТүрік депутаты әрі дәрігер Режеп Шекер ұшақта нәрестеге шұғыл көмек көрсетті
Президенттің жеке дәрігері ұшақта қазақстандық нәрестені аман алып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Түрік депутаты әрі дәрігер Режеп Шекер ұшақта нәрестеге шұғыл көмек көрсетті

Нәрестенің жүрек талмасы ұстап қалған, стюардессалар медициналық көмек көрсету үшін баланы Шекерге алып келеді.

"Баланы қарадым. Бозарып, тыныс алмай, жүрегі тоқтап қалған екен. Жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасадым. Содан кейін нәресте тыныс алды", - деді Шекер.

Ұшақ шұғыл түрде Анкараға қонды, бала бірден ауруханаға жеткізілді. Нәрестенің жағдайы жақсарды. Лайнер Ыстамбұлға ұшып кетті.

Шекердің сөзінше, құтқарылған бала егіздің сыңары. Балалардың анасы –  Қазақстан азаматы.

БАҚ ақпаратына сәйкес, Режеп Шекер – Қараман қаласынан Түркия Ұлттық жиналысының депутаты, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жеке дәрігері.

Жаңалықтар
0