Тоқаев пен Мирзиёев елордада келіссөздер жүргізеді – фото
10:12 06.12.2021 (жаңартылды: 14:05 01.02.2022)
© Photo : Сайт президента Узбекистана Касым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев в аэропорту

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға келді
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда келіссөздер жүргізеді.
© Photo : Сайт президента УзбекистанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев
Келіссөздер барысында саяси диологты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту, мәдени-гуманитарлық алыс-берісті кеңейту мәселелері қаралады деп күтілуде.
© Photo : Сайт президента УзбекистанаМирзиёев Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапармен келді

Мирзиёев Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапармен келді
Сонымен қатар екі ел басшысы аймақтық және халықаралық саясат мәселелері бойынша пікір алмасады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қою жоспарланған.
© Photo : Сайт президента УзбекистанаӨзбекстан президентін Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды

Өзбекстан президентін Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға келді.
Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда қонақты құрметті қарауыл сапқа тұрып қарсы алды. Мирзиёевті президент Тоқаев әуежайдан күтіп алды.