Әлем

Мирзиёев барлық әлеуметтік желіні бұғаттаған шенеунікті жұмыстан босатты

© pixabay / irfanahmadYoutube на телефоне
Youtube на телефоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
"Узкомназорат" басшысы Өзбекстанда барлық шетелдік әлеуметтік желіні бұғаттау бойынша "қате және келісілмеген әрекеті үшін" жұмыстан босатылды. Осы факті бойынша тергеу жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша — Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау бойынша мемлекеттік инспекция басшысын қызметінен босатты, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Telegram-арнасында.

Хабарламада жазылғандай, шенеунік "қате және келісілмеген әрекеті үшін" қызметтен кеткен.

Сәрсенбіде Зияев басқарып отырған ведомство республика аумағынан тыс өзбектердің дербес деректерін сақтағаны және өңдегені үшін Өзбекстанда Telegram, Facebook, "Одноклассники" және YouTube жұмысын шектеді.

Алайда баспасөз хатшысының мәлімдемесінде "Узкомназорат" мекемесінің бұл әрекеті "біржақты" және "жете ойластырылмағаны" көрсетілген.

"Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізіледі. Тергеу қорытындысы бойынша осы жағдайға кінәлі барлық жауапты басшыларға қатысты сәйкес шара қабылданады", - деп жазған Асадов жақын уақытта әлеуметтік желінің барлығы қайта іске қосылатынына сенім білдірді.

Дүйсенбіде Мирзиёев пайдаланушылардың деректерін сақтау туралы заңды бұзатын интернет-ресурстерге айыппұл салу туралы жарлыққа қол қойды.

Біраз бұрын осы саладағы реттеуші Facebook, Google, Mail.ru, Microsoft Skype, Telegram, Tencent Wechat, TikTok, Twitter, Yandex сынды бірқатар шетелдік компанияға заң талаптарын орындау қажеттілігі туралы ескертті.

Шілдеде бақылау органы заңбұзушылықтарды жойғанға дейін Skype, Twitter, TikTok, "ВКонтакте" және WeChat жұмысын шектеді.

Жаңалықтар
0