Тәлібтер мемлекеттік шекара қай жерден өтетінін білмей ме?

© AFP 2022 / HOSHANG HASHIMIБоевики Талибана* на блокпосту в провинции Бадгиз
Боевики Талибана* на блокпосту в провинции Бадгиз - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Ауған-иран шекарасындағы артиллериялық қарудан оқ ату біршама бәсеңдегенмен, әскери-саяси әсері қалып қойды: тәлібтердің күтпеген әрекеттері мен Ауғанстандағы күрделі жағдай Орталық Азия елдеріне қауіп төндіріп отыр
Желтоқсанның басында ауған-иран шекарасында Иран армиясы мен тәлібтер арасында атыс қаруы, броньді техника және артиллерияны қолдану арқылы қырғын қақтығыс болды. Анықталғандай, шекарашы тәлібтер мемлекеттік шекара сызығы қай тұстан өтетінін білмейді екен. Сондықтан іргелес елдің бейбіт тұрғындарына оқ атқан.
Люди выносят из мечети тела жертв и пострадавших от взрыва  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Кабулдағы теракт, Багландағы қақтығыс: биліктегі тәлібтер* қауқарсыз ба
Иран шекара күзеті калибрі 122 миллиметр гаубицаны қосып, оқ жаудырды. Тәлібтер НАТО-дан қалған броньді техниканы пайдаланды. Қақтығыс келіссөзден кейін 2 желтоқсанда тоқтады. Қос тарап та зардап шеккендер жайлы ақпарат таратқан жоқ. Алайда біраз бұрын ондаған жараланған және көз жұмғандар, сонымен қатар тәлібтердің Иран жеріндегі бақылау-өткізу пунктін басып алғаны туралы ақпарат тарады.
Шекарада болған қақтығыстың себебі байқаусыздық пен кездейсоқтың шеңберінен тыс әлдеқайда тереңде жатуы мүмкін. Иран Ауғанстанның жаңа билігімен экономикалық ынтымақтастықты сәтті дамытып келеді. Қарашада Герат, Нимроз, Фарах ауған провинцияларына 100 мегаватт электр энергиясын жеткізу бойынша келісімге қол қойылды. Ирандықтар ауған кен орындарын (бағалы тастар, алтын, литий, мыс) өңдеуге инвестиция салуға, сондай-ақ көпір мен жол салуға дайын.
Екінші жағынан, Тегеран ауған жеріндегі есірткі тасымалына, ауған босқындарының Иранға қарай қоныс аударуына және тәлібтердің шиит-хазарларды қудалауына алаңдап отыр. Шиит-хазарлар 40 миллионды құрайтын Ауғанстан халқының шамамен бестен бір бөлігін құрайды.
Орталық Азия дәл осы секілді жағдайды бұрын да бастан кешірген. Тәлібтер билікке алғаш келген 1990 жылдары Иран Солтүстік альянсты қолдады да, тәлібтер 1998 жылы Мазари-Шарифтегі бір топ иран дипломатын өлтірді. Сол шақта Тәжікстан да Ауғанстанның солтүстігіндегі қарулы қақтығысты қолдады. Тәлібтердің екінші рет биліккке келуі кезінде Душанбе инклюзивті емес үкіметті, азаматтардың, соның ішінде этникалық тәжіктердің құқықтары бұзылуын қатты сынға алуда.
Боевик Талибана* на улице афганского города - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Путин мен Джонсон Ауғанстан жайын талқылады
Ұзындығы 5,5 мың киллометрді құрайтын Ауғанстан шекарасындағы қарулы қақтығыс ықтималдылығы бірқатар факторға байланысты жоғары болып отыр. Сондықтан Орталық Азияда қорғаныш бетон дуал салудың мәні жоқ секілді.
БҰҰ-дағы Ресей тұрақты өкілінің орынбасары Дмитрий Полянский 3 желтоқсанда Ауғанстандағы ДАИШ* тобы "Орталық Азиядағы іргелес мемлекеттер үшін қауіп болып отыр" деген пікір білдірді. Дипломат жанкештілердің қатысуымен террористік шабуылдар артқанына, террористерің ауқымды ресурсына көңіл аударды.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы арандатушылық атыс (1 желтоқсанда) ауған-иран шекарасындағы қақтығыспен кездейсоқ сәйкес келген болар. Әйтсе де, Орталық Азиядағы қауіпті шекара (Ауғанстанмен шекаралас Тәжікстанда – 1300 километр, Өзбекстанда – 140 километр, Түрікменстанда – 800 километр) ұзындығы мен ДАИШ* пен басқа да халықаралық террористік ұйымдардың Пяндж өзенінен солтүстікке қарай өз аумағын кеңейтуге деген қызығушылығын да ескеру керек.
Еске салсақ, қазанда тәлібтер Тәжікстанмен шекараға жанкештілердің бүтіндей бір батальонын бағыттады. Өңір басшысының орынбасары оларды өз өмірін Аллаға арнаған "жарылғыш зат бар көкірекше киген батырлар" деп атады. Бірақ "шахид белдігі" мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Мұнда басқа мамандар қажет.
Ауғанстандағы билікті шабуылмен тартып алған тәлібтер ғаламшардағы көрші елдерге олардың ішкі істеріне араласпауға, жалпыхалықтық үкімет құруға, ДАИШ* пен Әл-Каида* террористерімен ынтымақтастықтан бас тартуға уәде етті. Түрлі шетелдік алаңда тәлібтермен келіссөз жүргізіліп, "эмираттағы" жағдайды тұрақтандыру көзделді.
Өзбекстан мен Түрікменстан әлдеқайда оң көзқарас танытқанмен, Тәжікстан Кабулдағы жаңа билікті мойындауға дайын емес. Душанбенің бұл әрекетін түсінуге болады. Себебі тәлібтер уәде еткен шаралардың аз бөлігін де орындап жатқан жоқ. Бұған дейін кешірім беруге уәде еткен сарбаздар, полицейлер, республикалық үкімет шенеуніктері сынды бұрынғы қарсыластарды өлтіру және олардан кек алуға көп күш кетіп жатыр.
Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай жақында берген сұхбатында тәлібтер үкіметі бүкіл ауған халқының мүддесін қорғауы керек және ішкі өкілетті алуы қажет екенін, сонда ғана үкіметті халықаралық қауымдастық мойындайтынын айтты. Жаңа билік барлық опцияны бірден игере алмасы анық. Бірақ уақыт тығыз, қаражат та аз.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Саясат
Министр Ауғанстан Қазақстаннан қандай көмек сұрағанын айтты
Ауғанстанның банктердегі қаражаты ұзақ уақытқа бұғаттаулы. Ауғанстанды қалпына келтіру қорының жалпы көлемі 1,5 миллиард долларды құрап отыр. Бірақ ол ақшаны алу соншалық оңай емес. Дүниежүзілік банк 2 желтоқсанда Ауғанстанға 280 миллион доллар бөлуді мақұлдады. Бұл елдегі әрбір тұрғынға шаққанда 7 доллардан келеді. Дәл осы күні Кабул БҰҰ-дан 16 миллион доллар алды. Бұл жағдайды тұрақтандыру үшін тым аз қаражат.
Ауған халқына халықаралық көмек гуманитарлық апаттың ауқымына сай келмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис Ауғанстандағы аштық салдарынан 5 жасқа дейінгі 3 миллион бала зардап шегуі және оның ішінде шамамен бір миллион бала қайтыс болуы мүмкін екенін айтты. БҰҰ мәліметі бойынша, 23 миллион ауған алдағы қыста қоныс аударуға талпынып көруі немесе үсіп өлуі ықтимал.
Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, Ауғанстандағы өмір сапасының төмендеуі және гуманитарлық дағдарыс іргелес елдерге, сондай-ақ Еуропа мемлекеттеріне де әсер етеді. Босқындардың салдарынан бюджет пен еңбек нарығына жүктеме түседі, түрлі елде әлеуметтік шиеленіс артады. Халықаралық валюта қорының мамандары егер Ауғанстаннан 1 миллион азамат кетсе, онда оларды жайғастыруға Тәжікстан 100 миллион доллар (ЖІӨ 1,3%), Иран 300 миллион доллар (ЖІӨ 0,03%) және Пәкістан 500 миллион доллардан астам қаражат (ЖІӨ 0,2%) жұмсайды.
Ауқымды экономикалық проблемалар басталған мемлекет халықаралық террористік ұйымдардың ықпалын кеңейтуге арналған оңтайлы алаңға айналып отыр. Жихадшылар қатары артып, зорлық-зомбылық, діни экстермизм де белең алуда. Ауғанстан – Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің ортақ проблемасы.
Ресей де бұл мәселеден сырт қалып тұрған жоқ. Сәрсенбі Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Мәскеуде пәкістандық әріптесі Моид Юсуфпен келіссөз жүргізді. Тараптар Ауғанстандағы жағдайды және бейбітшілікті қалпына келтіру әрекеттерін талқылады. Жалпы 1 желтоқсанда басталған жаңа оқу-жаттығу жылында Орталық әскери округ (РФ) ресейлік әскери базалар орналасқан Тәжікстан, Қазақстан және Қырғызстан аумағын қоса алғанда 300-ден астам түрлі оқу-жаттығу өткізеді.
* – Қазақстанда, Ресейде тыйым салынған террористік ұйым.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0