Қоғам

Халықаралық іздеу жарияланған шетелдік Қазақстанға экстрадицияланды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Жазылу
Ресей азаматы қазақстандық кәсіпкерге ет өңдейтін неміс жабдығын жеткізіп беремін деп уәде еткен
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ішкі істер министрлігі халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Сергей Шубинді Германиядан елге экстрадициялады.
Бас прокуратураның ақпаратынша, Шубин Ақмола облысында ет өңдейтін неміс жабдығын жеткізіп беремін деп кәсіпкердің 170 мың еуросын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.
"Қазақстан мен Германия арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмағанымен, Бас прокуратура Германия тарапымен айыпталушыны экстрадициялау туралы келісімге халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді", - делінген хабарламада.
Қазір ресейлік Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында қамауда отыр.
Оқи отырыңыз: 
Жаңалықтар
0