Өңірлер

Демалыста ауа-райы қандай болады – синоптиктер болжамы

© Sputnik / Владислав ВодневСнегопад в Нур-Султане
Снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Синоптиктердің болжамына сәйкес алдағы үш күнде республика көлемінде ауа райы құбылмалы болады
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет алдағы демалыс күндерге ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
4-6 желтоқсанда атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр. Қар жауып, көктайғақ пен тұман болады. Елдің солтүстігінде бұрқасын көтеріледі.
Батыста ауа температурасы түнде –5 градусқа дейін түсіп, артынан +3-ке дейін жоғарылайды. Күндіз -3 пен +5-тің аралығында болады. Ал солтүстік-батыста ауа температурасы аздап төмендейді, түнде 3-11 градус суық, күндіз - 0-8 градус.
Оқи отырыңыз: Қыстың алғашқы айында ауа райы қандай болады
"Солтүстікте де температура төмендейді. Түнде 10-18, күндіз 5-13 градус аяз болады. Республиканың шығысы мен орталығында түнде -10-20 градус, күндіз - 0-10 градус. Оңтүстік пен оңтүстік-шығысында түнде -2 градус пен +7-нің арасында болады, ал күндіз 2-12 градус жылы", - дейді синоптиктер.

Ірі қалаларда ауа-райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда алдағы демалыс күндері күндіз 4-5 градус суық, түнде ауа температурасы 11-13-ке дейін төмендейді.
Алматыда күн жылы, түнде 0 градус, күндіз +6-ға дейін жылы болады.
Шымкент қаласында термометр бағанасы плюстан төмен түспейді. Түнде +4, күндіз +10-ға дейін жылиды.
Жаңалықтар
0