Өңірлер

Ақтауда көлік қаққан қыздың жағдайы белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевВрач в защитной маске едет в машине скорой помощи
Врач в защитной маске едет в машине скорой помощи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Жазылу
Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында тұрғынды көлік қақты. Желіде осы сәттің видеосы тарады
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Дәрігерлер Ақтауда көлік қағып кеткен қыздың жағдайы туралы айтты, деп жазды inaktau.kz.
"1993 жылы туған зардап шегуші Маңғыстау облысының көп салалы ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы аса ауыр. Ол жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. III дәрежелі комада. Зардап шегуші бас-ми жарақатын алған, сол жақ жамбас сүйегі сынған және кеуде тұсында жабық сынық пен көптеген жарақаттары бар", - деп хабарлады облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі. 
Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында тұрғынды көлік қақты. Желіде осы сәттің видеосы тарады.
Кадрда қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тротуарға шығып кетіп, жас ағаштарды сындырғаны көрінеді. Машина қызды соққанға дейін бірнеше метр жүріп өтті. Кейбір адамдар көліктен қашып үлгерді, деп жазады Lada.kz.
Оқиға 2 желтоқсанда кешкі он шамасында 12-ші шағын ауданда болған. Toyota Sienna жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Куәгерлер рөлде әйел отырғанын айтты.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0