Оқиға

Семейде 20 жастағы жігітті қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуПешеходы
Пешеходы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2021
Жазылу
Land Rover көлігінің 29 жастағы жүргізушісі ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Семейде қыз бен жігітті көлік қағып кетті, деп хабарлады Алтайньюс.
Жол апатынан 20 жастағы жігіт көз жұмды. Трагедия Қабанбай батыр мен Гете көшелерінің қиылысында болған.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 желтоқсан күні шамамен сағат 22.20 кезінде Land Rover көлігін тізгіндеген 29 жастағы ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қыз бен жігітті қағып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен.
"Жол апаты салдарынан 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, ал 16 жастағы қыз түрлі дене жарақатымен тез арада ауруханаға жетізілді. Ал жүргізуші ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды", - дейді ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті негізінде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0