Экономика

Қазақстан мемлекеттік қарызды басқару бойынша жаңа тұжырымдамаға көшті

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты стопка
Деньги, тенге монеты стопка - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2021
Жазылу
2021 жылдың шілдесінде Тоқаев елдің ішкі және сыртқы қарызын басқару сапасын арттыруды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Еуразиялық даму банкінің сарапшылары Қазақстанның сыртқы мемлекеттік қарызды басқару бойынша жаңа тұжырымдамасын жоғары бағалады.
"Қазақстан мемлекеттік қарызды басқарудың жаңа тұжырымдамасына көшуде. Біз бұл мәселе бойынша ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп жұмыс істедік. Құжат кешенді, мақсатты болады. Оның ішінде валюталық және теңгелік қарыз алуды, даму және нарық институттарынан қарыз алуды, қарыз алу бағасын оңтайландыру мәселелерін және қарыз көздерін әртараптандыруды қамтитын болады. Біз осы құжаттың күшіне енуін күтіп отырмыз", - деді Еуразиялық конгресс аясында Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) және Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының (ЕТДҚ) бас экономисі Евгений Винокуров.
Шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп жатқанын, бірақ оны басқарудың бірыңғай тәсілдері жоқ екенін айтып, жаңа тұжырымдама әзірлеуді тапсырған болатын.
2025 жылға қарай үкіметтік қарыз құрылымындағы сыртқы қарыз үлесін 21-ден 49 процентке дейін ұлғайту болжануда. Сыртқы несиелердің басым бөлігі шетел валютасында болмақ.
2021 жылдың ақпан айындағы дерек бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 миллиард долларды құрады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 152,7 миллиард доллар болған.
Бұл ретте мемлекеттік сыртқы қарыз ел қарызының 8,2%-і – 13,2 миллиард доллар ғана болып отыр. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 12,5%-ті немесе 20,1 миллиард долларды немесе ЖІӨ-нің 18,8%-ін құрайды.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, бұл сыртқы қарыздың қауіпсіз деңгейі.
Мәскеуде Екінші Еуразиялық конгресс өтіп жатыр. Шараны Ресей Федерациясы үкіметінің қолдауымен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) ұйымдастырып отыр.
Sputnik – бас ақпараттық серіктес.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0