Саясат

Путин мен Лукашенко Қазақстанның тұңғыш президентін құттықтады

© AFP 2024 / MICHAEL KLIMENTYEVПрезидент России Владимир Путин (слева), его казахстанский коллега Нурсултан Назарбаев (слева) и президент Белоруссии Александр Лукашенко вошли в зал для участия в заседании Евразийского экономического союза в Астане 29 мая 2014 года
Президент России Владимир Путин (слева), его казахстанский коллега Нурсултан Назарбаев (слева) и президент Белоруссии Александр Лукашенко вошли в зал для участия в заседании Евразийского экономического союза в Астане 29 мая 2014 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2021
Жазылу
Бүгін – Тұңғыш президент күні. Тура 30 жыл бұрын Назарбаев жалпыхалықтық дауыс беру арқылы президент болып сайланды
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдап, мерекемен құттықтады.
Путин өз хатында Қазақстанның Назарбаев тұсында экономика, әлеуметтік сала, ғылым, техника және тағы басқа салаларда айтарлықтай табыстарға жеткенін, сондай-ақ әлемдік аренада жоғары беделге ие болғанын жеткізді.
"Сіздің мемлекет басшысы қызметін атқарған жылдарыңыз қазіргі қазақстандық мемлекеттің қалыптасу кезеңі болды. Сіздің жетекшілігіңізбен республика экономика, әлеуметтік сала, ғылым, техника және тағы басқа салаларда айтарлықтай табыстарға жетіп, әлемдік аренада жоғары беделге ие болды", - делінген Кремльдің ресми сайтында жарияланған жеделхатта.
Ресей басшысы Қазақстанның тұңғыш президенті екі елдің стратегиялық әріптестігін дамытуға, сондай-ақ посткеңестік кеңістікте интеграциялық процестерді жолға қойып, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және тағы басқа құрылымдар аясында ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосқанын ерекше атап өтті.
"Сіздің мемлекеттік қайраткер ретіндегі үлкен тәжірибеңіз, терең біліміңіз, саяси даналығыңыз бен көрегендігіңіз Қазақстанда ғана емес, халықаралық істерде де сұранысқа болатынына күмәнданбаймын", - деп жазды Путин.
 Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Саясат
Лукашенко Тоқаев туралы ойын айтты
Ресей президенті ізгі байланыстарды шын ниетпен бағалайтынын және достық қарым-қатынастың жалғаса беретініне сенім білдірді.
Ал Беларусь басшысы Александр Лукашенко Қазақстанның тұңғыш президенті қабылдаған шешімдерге ерекше тоқталды. 
"Сіздің мемлекет басшысы лауазымындағы белсенді әрі жасампаз қызметіңіз егемен Қазақстанның қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Сіздің жауапты әрі ақылға салынған шешімдеріңіз ұлт бірлігін, оның тарихи және мәдени құндылықтарын сақтап, саяси жүйенің өзгеруіне, қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болды. Бүгінде мемлекет көп жағдайда сіздің, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті арқасында өсіп-өркендеп жатыр", - делінген Беларусь президентінің ресми сайтында. 
Лукашенконың айтуынша, Беларусьте Нұрсұлтан Назарбаевты "достық, өзара қолдау мен стратегиялық әріптестікке негізделген белорус-қазақ қарым-қатынастарын қалыптастырудың басы-қасында тұрған әлемдік масштабтағы саясаткер ретінде біледі".
Артынан Назарбаев пен Лукашенко телефон арқылы тілдесті. Олар екі жақты қарым-қатынастарды талқылады.
Ресми мәліметке сәйкес, 2021 жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы өсіп, қаңтар-қыркүйек айларында 800 миллион долларға жақындады. Биыл осы көрсеткіш 1 миллиардқа жетеді деген болжам бар.
Назарбаев пен Лукашенко Қазақстандағы беларусь техникасын құрастыруға арналған жеті ірі өндіріс ошақтарының жұмысына да тоқталды. Сонын ішінде МТЗ, "Гомсельмаш", МАЗ, "Бобруйскагромаш" және тағы басқа машина жасау кәсіпорындары бар.
Әңгіме барысында алдағы кездесулердің кестесі де талқыланды.
Жаңалықтар
0