Саясат

Лукашенко Тоқаев туралы ойын айтты

© Пресс-служба президента Республики Беларусь Александр Лукашенко
 Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Қазақстан мен Беларусь басшысы қыркүйектің ортасында Тәжікстан астанасында екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Душанбеде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы саммитінде кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту тақырыбын талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімовпен кездесу кезінде айтты, деп хабарлады Sputnik Беларусь.

Қазақстан мен Беларусь басшысы қыркүйектің ортасында Тәжікстан астанасында өтетін ҰҚШҰ саммиті кезінде екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.

"Қазақстандықтардың жолы болған екен. Президент деген сіздердікіндей-ақ болсын. Халық үшін, мемлекет үшін осылай тату жұмыс істеуді сіздерден үйрену керек", - деді Александр Лукашенко.

Кәрім Мәсімов Беларусь көшбасшысына кездесу өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың дұғай сәлемін жеткізді.

"Нұрсұлтан Әбішұлы: "менің ескі досыма сәлем айт", - деді. Қасым-Жомарт Кемелұлы 16 қыркүйекте Душанбеде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы саммиті алдында өзара іс-қимыл бойынша сізбен талқылауым қажет тапсырмалар берді", - деп нақтылады Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы.

Ол екі ел басшылығы талқылайтын тақырып бар екенін айтты, себебі қарым-қатынас достық сипатқа ие. Сондай-ақ мақсат пен міндет ортақ болғандықтан, "бір-бірімізге көмектесуіміз керек" екенін жеткізді.

Александр Лукашенконың айтуынша, қазір екі елдің арнайы қызметі ынтымақтастық орната алды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік қауіпсіздік комитеті желісі бойынша уағдаластық орындалады.

"Бізге және Қазақстан үшін тиімді әрі қажет жерде бірге жұмыс істейтін боламыз. Барлық елдегі сияқты арнайы қызметтер желісі бойынша бізде қосымша байланыс арнасы орнатылғанын қалаймыз, ол бойынша біз маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдай аламыз", - деп атап өтті ол.

Лукашенко сонымен қатар белорустар Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы саммитінде Ауған мәселесінен тыс қалмайды деп мәлімдеді.

Жаңалықтар
0