https://sputnik.kz/20211201/Er-adam-enesin-ashulandyryp-aldy-18796008.html
Ер адам әйелінен кешірім сұраймын деп енесін ашуландырып алды
Ер адам әйелінен кешірім сұраймын деп енесін ашуландырып алды
Sputnik Қазақстан
Үштөбенің 32 жастағы тұрғыны ақшасы жетпегендіктен осындай қадамға барғанын мойындады 01.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-01T10:57+0500
2021-12-01T10:57+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
гүл
полиция
ене
https://sputnik.kz/img/old/926/36/9263675_0:154:3076:1893_1920x0_80_0_0_39f35912d10e70b903abe8ac87cb3754.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысының тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін әйелімен татуласу үшін дүкеннен гүл шоғын ұрлап алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Полиция ақпаратынша, 25 қарашада Қаратал ауданы Үштөбе қаласынан шағым түсті. Сатушы қоңырау шалып, гүл дүкенінен гүл шоғы ұрланғанын айтқан. Әйел ұрыны есте сақтап қалған. Шақырту бойынша келген полицейлерге оны сипаттап берген.Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол Үштөбенің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ақшасы жетпегендіктен жары үшін осындай қадамға барғанын мойындады.Полициядағылар хабарлағандай, ұрланған гүлді күдіктінің енесі қайтарған. Ол күйеу баласының бұл қылығына қатты ашуланыпты.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/926/36/9263675_0:57:3076:1990_1920x0_80_0_0_e95a5c00e1541b08e64e93e691d28561.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
гүл, полиция, ене
Ер адам әйелінен кешірім сұраймын деп енесін ашуландырып алды
10:57 01.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Үштөбенің 32 жастағы тұрғыны ақшасы жетпегендіктен осындай қадамға барғанын мойындады
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысының тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін әйелімен татуласу үшін дүкеннен гүл шоғын ұрлап алған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Полиция ақпаратынша, 25 қарашада Қаратал ауданы Үштөбе қаласынан шағым түсті. Сатушы қоңырау шалып, гүл дүкенінен гүл шоғы ұрланғанын айтқан. Әйел ұрыны есте сақтап қалған. Шақырту бойынша келген полицейлерге оны сипаттап берген.
Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол Үштөбенің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ақшасы жетпегендіктен жары үшін осындай қадамға барғанын мойындады.
"Ол әйеліне голландиялық раушан гүлдерді сыйлап, онымен татуласып, кінәсін жуып-шаймақ болған", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полициядағылар хабарлағандай, ұрланған гүлді күдіктінің енесі қайтарған. Ол күйеу баласының бұл қылығына қатты ашуланыпты.