Қоғам

Ұлттық банк алаяқтарға қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневНациональный банк Казахстана
Национальный банк Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
"Ұлттық банктен" ақша аударыңыз деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Ұлттық банк ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін ұлттық банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтардың көбейе бастағанын ескертті.

Қастық ойлағандар телефон арқылы байланысқан кезде банк шотының нөмірлері мен несиенің бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды. Сонымен бірге, "техникалық мониторинг" мақсатында деген желеумен азаматтардан төлқұжат деректерін, атап айтқанда, ЖСН мәліметтерін білгісі келеді. Алаяқтар, сонымен қатар тексеру үшін деп шот ашуды немесе тестік-режимде несие алуға өтініш беруді және үшінші тараптың шотына ақша аударуға үндейді.

"Ұлттық банк ақша жіберіңіз деген электронды хаттар мен белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді. Белгісіз банк шоттарының реквизиттері көрсетілген аяқ асты ақшаға тап боласыз деген хабарлама немесе телефон қоңырауы көбінесе алаяқтардың әрекеті болып шығады", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жасамайды. Ұлттық банкте шоттарды тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылады.

"Ұлттық банктен" ақша аударыңыз деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0