Қоғам

"Сізді аңдып отыр": WhatsApp-пен хабарласқан алаяқ 10 миллион теңгеге байып кетті

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Тұтқаның арғы жағынан бейтаныс біреу банктің қауіпсіздік қызметі атынан сөйлеп, ірі көлемде кредит рәсімделгенін айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Петропавл қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, бірнеше банктен 10 миллион теңгеге кредит рәсімдеді. Артына "резервтік есепшотқа салдым" деген ақшасы ұшты-күйлі жоғалды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ер адам алаяқтар телефон арқылы алдайтынын естіген. Алайда өзіне хабарласқанда арбауына қалай түскенін түсінбей қалды. Тұтқаның арғы жағынан бейтаныс біреу банктің қауіпсіздік қызметі атынан сөйлеп, ірі көлемде кредит рәсімделгенін айтқан. Осы операцияны тоқтату үшін несие лимитін таңдау керек екен. 

Содан зәресі ұшқан қала тұрғыны бірнеше банктен 10 миллион теңгеге кредит алып, "резервтік есепшотқа" салған. Алаяқтарға керегі де сол. Ақшаны бірден өздеріне аударып алды.

"Алаяқ белгісіз біреулер сіздің әрбір қадамыңызды аңдып отыр, WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып отырғаным да сол деп, жәбірленушіні әбден сендірген. Олардың психологиялық шабуыл жасау тәсілдері күн сайын өзгеріп тұрады. Ал негізгі мақсаты бір – адамға ойлануға да мүмкіндік бермеу. Сөйтіп, айтқанын істетеді", - дейді полицейлер.

Осы орайда тәртіп сақшылары аса сақ болуға үндеді. Сондай-ақ, маңызды бір мәселені естен шығармаған жөн. Банктің қауіпсіздік қызметінің мамандары олай хабарласып, ешқашан қандай бір қаржы операцияларын жасауды талап етпейді.

Ондай жағдайда телефонды бірден қоя салу қажет. Ал есепшоттағы ақша туралы барлық ақпаратты банк бөлімшесінен алуға болады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0