Өңірлер

Шығыс Қазақстан тұрғыны арзан пәтер аламын деп сан соғып қалды

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек хватается за голову, подсчитывая наличные деньги
Человек хватается за голову, подсчитывая наличные деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жазылу
Бейтаныс әйел оның сеніміне кіріп, нарықтық бағадан төмен пәтер сатып алуға көмектесемін деп уәде берген

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Семей тұрғыны пәтер алып беремін деп уәде берген адамға қомақты қаражатты қолына ұстатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының соңында Семей қаласының полиция басқармасына 32 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Сәуір айында бейтаныс әйел оның сеніміне кіріп,  нарықтық бағадан төмен пәтер сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Оның сөзіне сеніп қалған әйел 3,2 миллион теңге мөлшеріндегі ақша бергенін айтты.

"Сапалы материал аламын": Үй жөндейтін құрылысшылар халықты қалай алдайды?

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні анықтады. Ол осыған ұқсас қылмыс бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген болып шықты.

Ол жазасын өтеп жүрген бап мүлкін тәркілеу және үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаны көздейді.

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлікті сатып алу белсенділігі жоғары. Сондықтан тұрғын үй нарығы алаяқтар үшін өте тартымды, әрі тиімді "табысқа" айналды, деп ескертті ведомстводағылар.

"Кредит алайын деп жатыр": алаяқ Атырау тұрғынының 1,5 млн теңгесін жымқырды

Әдемі фотосуреттер қойып, шын мәнінде жоқ пәтер мен үйлерді арзан бағада ұсыну арқылы олар өз құрбанын қармаққа түсіреді. Пәтер сату туралы жалған хабарландырулар көпшілікке интернет арқылы таратылады. 

"Шығыс Қазақстан облысының аумағында екі күнде 21 интернет-алаяқтық ашылды. Интернет желісіне мониторинг жүргізу нәтижесінде заңсыз контенттің мазмұны бар 22 сайт анықталды. Олар бойынша қазіргі уақытта бұғаттау туралы мәселе қарастырылуда", – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Жыл басынан бері осындай 430 сайт бұғатталды.

 

Жаңалықтар
0