Өңірлер

Қар, көктайғақ: синоптиктер 1 желтоқсандағы ауа райын болжады

© Sputnik / Владислав ВодневСнежный коллапс в Нур-Султане
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қазгидромет 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің болжамынша, батыс өңірлеріне солтүстік-батыс циклонының жырасы әсер ететін болады, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, батысында, солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының солтүстік-батысында және орталығында тұман, күндіз облыстың батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында тұман, облыстың орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіеді.

Қостанай облысында желдің 15-20 м/с күшеюі, облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшеюі күтіледі.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда ауа температурасы күндіз -3-5 °C, түнде -13-15 °C. Желдің жылдамдығы 1-6 м/с.

Алматыда ауа температурасы күндіз +8+10 °C, түнде -1+1 °C. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. 

Шымкентте ауа температурасы күндіз +18+20 °C, түнде +1+3 °C. Желдің жылдамдығы:5-10 м/с.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0