13:33 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Фото

Нұр-Сұлтанда жауған қалың қар тұрғындарды әбігерге салды – фото

Қысқа сілтеме алу
126 0 0
© Sputnik / Владислав Воднев
Нұр-Сұлтан қаласында таңертең жұмысқа баратын тұрғындардың тең жартысы дерлік бүгін жұмысқа кешіккені анық. Көшелерді қалың қар басып, жолда көлік кептелісі болды.

Қазақстан астанасында қалың қар жауып, коммуналдық қызмет пен тұрғындарды әбігерге салды

Астана көшелері бүгін қалың қардың астында қалды. Соған байланысты көлік иелері тіпті ауласынан шыға алмады, жаяу жүргіншілер жолындағы омбы қардан аяқ алып жүргісіз. Тұрғындар автобус аялдамасына жету үшін түрлі айла-амал жасауға мәжбүр болды.

Елорда жолдарында коммуналдық қызмет жұмысшылары екі күннен бері үзіліссіз жұмыс істеп жатыр. Соған қарамастан көшелерде қалың қар жатыр, ал оның астында мұз қатқан. Сол себепті жеңіл көлікпен қатар автобустар да жолда "сырғанайды". Ал дәл кесте бойынша аялдамаға жетпеген автобустарды ұзақ уақыт күту керек. Ал кей аялдамада коммуналдық қызметтің қарды үйіп тастауына байланысты автобустар жолаушыларды діттеген жеріне жеткізе алмай әлек.

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 25 қарашада екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшті.

Елорда әуежайында таңертең ондаған рейс кейінге қалдырылды. Әкімшілік рейстердің кешігуі ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстарына байланысты екенін хабарлады.

Қалың қардың ортасында қалған Нұр-Сұлтан көрінісін фотолентадан көріңіз.

Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, фото, қар, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып