Қоғам

Алматыда телефон ұрлаған жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалды

CC0 / William Iven / Смартфон с наушниками
Смартфон с наушниками - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
25 жастағы жігіт бес күн ішінде бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Алматыда телефон ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

25 жастағы жігіт бес күн ішінде бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікке ілінді.

"Ұры көшелерде, адамдар көп жиналатын жерлерде, сауда орталықтарында жүрген. Оның іс-әрекеті бірнеше рет бейнекамераға түсті. Барлық факті бойынша қылмыстық істер тіркелді", – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол ұрлықтың бірін көшеде жасағаны белгілі болды: жәбірленушінің қалтасынан IPhone 12 PRO маркалы ұялы телефонын ұрлаған.

"Ал сауда үйінде жігіт сөреден Huawei ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталған", – деп түйіндеді Дәулетияров.

Ұсталған азамат бірнеше қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0