04:54 07 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.66
  • EUR500.44
  • RUB5.62
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
14667 0 0

Жігіт пен қыздың әңгімесі жарасқан соң екеуі үйде оңаша қалып, карта ойнаған. Сөйтсе сұлу қыз жалғыз емес екен

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Оралдық жігітті түнгі клубта танысқан "қызы" екі сыбайласымен бірге тонап кетті. Голливуд фильміндегі шым-шытырман оқиға батыста қайталанды, деп хабарлады "Астана" арнасы.   

Көгала қойдай таяқ жеген жігіт сұхбат беруге келісті.  Өзін Маратпын деп таныстырған жас жігіт атыраулық арумен Оралдағы түнгі клубта танысыпты. Көңілі жарасқан соң екеуі жігіттің үйіне барған. Сөйтсе сұлу қыз жалғыз емес екен. Ол пәтерге екі сыбайласын кіргізіп Маратты әбден тонаған.

Оқи отырыңыз: Елордада екі қыз шетел азаматын таспен ұрып, тонап кетті 

"Үйге барайық" деп өзі айтты. Үйде шешінуге карта ойнадық. Сол кезде біреу телефон соғып алданып қалдым. Ал ол екі сыбайласын кіргізіп үлгеріпті. Дәретханадан шыққан бетте соққыға жығылдым. Есімді жиып үлгермедім. Біреуі қылғындырып, екіншісі саныма пышақ тықты. Телефоным мен банк карталарын сұрап, ақша талап етті. "Бәрін алыңдар!" деп уақыт созуға тырыстым. Әйтпесе аямайтын еді. Екеуі мені осылай азаптап жатқанда әлгі "қызым" үйді аралап, бүкіл бағалы затты жинап алды", - дейді Орал қаласының тұрғыны Марат Ахмет.

Қарақшылар үйді тонап жатқанда Марат ваннаға тығылып, есікті ішінен жауып үлгерген екен. Үш ұры сол кезде қашқан. Полиция оларды Атыраудан іздеп тапты.

"Шығын көлемі 1 миллион теңгеге жетеді. Үйдегі ноутбук, алтын әшекей сияқты бағалы заттарды олжалаған. Біз күдікті қыздың есімін ғана білдік. Дегенмен қылмыс ізі суымай ашылды. Олар Атыраудағы жалдамалы пәтерден табылды",- дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.

Ұсталған күдіктілердің осыған ұқсас басқа қылмыстарға да қатысуы болуы мүмкін. Былтыр бір ғана Батыс Қазақстан облысында осыған ұқсас 151 дерек тіркеліпті. Тергеу жүріп жатыр. Қылмысы дәлелденсе, қарақшылар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

  Арманындағы арумен танысамын деп тақырға отырған жігіт "тірі қалғаныма тәубе" деп отыр. Бірақ ол енді түнгі клубты емес, дәріханаларды жағалап жүр. Пышақ тиген аяққа ем-дом керек, оның үстіне бір құлағы дұрыс естімей қалған көрінеді.

Загрузка...

Басты тақырып