Қоғам

Министр Атамқұлов үй бағасына қатысты болжам жасады

© Sputnik / Абзал КалиевДомик, монетки стоимость жилья, инвестиции в жилищное строительство
Домик, монетки стоимость жилья, инвестиции в жилищное строительство - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Министрлік керамика өндіретін тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100 процент қамтамасыз етуды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қазақстанда тұрғын үй бағасы қашан тұрақталатынын болжады, деп хабарлады "Хабар 24".

Министр құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашылатынын айтты. Қазір осы бағытта министрлікте бірқатар жоба қарастырылып жатыр. Бейбіт Атамқұловтың пайымынша жаңа өндірістер баспана бағасының шарықтауын тоқтатады.  

"Елімізде өндірілетін бірқатар материалдың тізбегі жасақталды. Бүгінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа өндірістер. Бірінші кезекте сан-фаянс пен өзге де керамика шығарамыз. Бүгінде керамика өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді", - деді Атамқұлов "Национальный интерес" бағдарламасына берген сұхбатында.

Алайда, оның айтуынша, өндіріс көлемі аз. Министрлік тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100 процент қамтамасыз етуды жоспарлап отыр.

Министрдің болжамынша тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталады.

"Менің болжамымша баға бір қалыпқа келеді. Қазір сұраныс болған соң құрылыс компаниялары үйді салып жатыр", - деп  түйіндеді Бейбіт Атамқұлов.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0