Экономика

Қазақстанда қазанда ет бағасы шарықтады

© Photo : pixabay / congerdesignГовядина
Говядина - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Ет бағасы бір жылда Қостанай, Түркістан облыстарында өсті. Айтарлықтай өсім Маңғыстау облысында және Шымкентте байқалды

АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Қазақстанда қазанда ет пен құс етінің бағасы 2020 жылдың қазанына қарағанда 10,7%-ке өсті. Соның ішінде қой етінің бағасы бірден 16%-ке қымбаттады, деп хабарлады Energyprom.kz.

Елімізде қой еті мен құс еті 15,7%-ке қымбаттады. Жылқы еті 11,2%-ке, шошқа еті 8,7%-ке, сиыр еті 8,6%-ке өсті.

Қазақстан қалаларында қазанда жылқы еті қымбаттады – бір келісі орта есеппен 2 557 теңге тұрады.

Одан кейін қой еті (2 399 теңге) және сиыр еті (2 234 теңге) тұр. Шошқа етінің бөлшек сауда бағасы бір келі үшін 1 808 теңгені, құс еті 1 047 теңгені құрады.

Өңірлерде ет пен құс етінің бағасы бір жылда Қостанай облысында 4,1%-ке, Түркістан облысында 18,4%-ке дейін өсті. Айтарлықтай өсім Маңғыстау облысында (16,6%) және Шымкентте (16,4%) байқалды.

Қазақстандағы ет өндірісі

Ет және тауық еті өндірісі бір жылда 6,4%-ке өсіп, биыл қаңтар-қыркүйекте 250,7 мың тоннаға жетті. Оның ішінде 194,8 мың тоннасын үй құсы, 55,9 мың тоннасын ірі және ұсақ мал, шошқа, жылқы еті құрады.

Үй құсы өндірісінің басым бөлігі (79%) тек үш өңірге тиесілі: Алматы (66,6 мың тонна), Ақмола (56 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (31,3 мың тонна) облыстары.

Өндірілген еттің жартысынан астамы үш өңірге: Ақтөбе (14 мың тонна), Қостанай (7,4 мың тонна) және Павлодар (6,9 мың тонна) облыстарына тиесілі.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0