Өңірлер

"Кейде ұлым сабаққа аш кетеді": Көзі көрмейтін жігіт аула сыпырып жүр

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПакет с мусором. Архивное фото
Пакет с мусором. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2021
Жазылу
Нұртілеу жалқаулық пен жұмыссыздық ауру шақырады дейді. Сондықтан өзі бір тынған емес

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Шымкент тұрғыны Нұртілеу Жаналиевтың бір көзі мүлде көрмейді, екіншісі әлсіз. Соған қарамастан 10 жылдан бері аула сыпырушы болып еңбек етеді, деп хабарлады "Хабар 24". 

Осы уақыт аралығында ол отбасын құрып, көпбалалы әке атанды.

"Жұмысты жақсы көремін. Жұмыстан қайтпаймын. Жұмыс істемесем бала-шағамды кім асырайды? Басшылық ешқандай қысым жасамайды. Жағдайымды түсінеді", - дейді аула сыпырушы Нұртілеу Жаналиев.

Нұртілеу жалқаулық пен жұмыссыздық ауру шақырады дейді. Сондықтан өзі бір тынған емес. Алайда алаяқтардың арбауынан кейін баспанасыз қалғаны жанына батады. 

"Алдағы мақсатым – үй алу, бала-шағамды жеткізу. Басқа маған ешнәрсе керек емес. Бастысы бала-шағам өзім сияқты қиыншылық көрмесе деймін. Кейде үлкен ұлым сабаққа аш кетеді. Мен не істеймін? Балама "өмірдің қиындығына шыда" деп айтамын. Мен де әкем қайтыс болғаннан кейін 11-12 жасымнан пәтерде келе жатырмын ғой", - дейді аула сыпырушы Нұртілеу Жаналиев.

"Жұмыс оңай емес. Басшылардың тапсырмасын орындауға тырысыамыз. Нұртілеу Жаналиев ешқашан бізді ұятқа қалдырмаған. Жұмысына көңіліміз толады. Жұмысты бөлгенде ол жігітті еш жерге жалғыз жібермеймін", - дейді бригада шебері Үсіп Құдайсүгіров.

Нұртілеу 4 баласы мен жүкті әйелінің жатақхананың жалдамалы бөлмесінде тұрып жатқанына қынжылады. Тапқаны отбасының керек-жарағынан ауыспайды.

Оқи отырыңыз: "Бізді жамандай бермеңдер": Татьяна қар тазалаушылардың жанайқайын жеткізді - видео 

"Күйеуім ғана жұмыс істейді. Соның айлығына күн көріп жатырмыз. Қиын болса да бала-шағаны асырау үшін жұмыс істеуің керек. Үйде отырсаң, кім береді ақшаны? Ешкім бермейді. Сол үшін жұмыс істейміз", - дейді жары Әселханым Жаналиева.

Нұртілеу Жаналиев аула сыпырушы болғанына арланбайды. Керісінше көшені көріктендіріп, таза ұстауға үлес қосып жүргеніне қуанады. 

Жаңалықтар
0