Видео

"Оймаша" полигонында жас сарбаздар автоматтан алғаш рет оқ атты – видео

Жазылу
Ақтау гарнизонындағы "Оймаша" полигонында жас сарбаздар АК-74 автоматынан алғаш рет оқ атты

Оқу-жаттығуға теңіз жаяу әскерлерінің бригадасында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 300-ден астам әскери қызметші қатысты.

"Ақтау қаласының 25744 әскери бөліміне келген жас сарбаздар автоматтан алғаш рет оқ атты. Осы уақытқа дейін офицерлер мен сержанттар берген білімнің арқасында бүгінгі атыста жас сарбаздар өте жоғары нәтиже көрсетті", - дейді қатардағы жауынгер Ислам Бейбітов.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштері оқу-жаттығу өткізді – видео 

Жас сарбаздар алдағы уақытта Отан алдындағы борышын адал атқарып, теңіз жаяу әскерлері бригадасының даңқы мен абыройын асқақтатуға ант қабылдайды.

Жаңалықтар
0