Экономика

Ұлттық қорға шетел банкінде болған 536 млн доллар қайтарылды

© Photo : Maklay62Чемодан с долларами
Чемодан с долларами - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2021
Жазылу
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 530 миллион доллар сомасындағы активтері 2018 жылғы мамырдан бастап тыйым салуда болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Ұлттық Банк ұлттық қорының шамамен 536 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен тыйым салудың алынғаны туралы және жоғарыда аталған соманың банктің иелік етуіне қайтарылғаны туралы хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулыны алған болатын, кейіннен ол Бельгияның бірінші сатыдағы сотының қаулысымен расталды. Bank New York Mellon банкінде орналастырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 530 миллион доллар сомасындағы активтері 2018 жылғы мамырдан бастап тыйым салуда болды.

2021 жылғы 16 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты Стати тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер туралы қорытынды негізінде төменгі соттың Бельгияның аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімінің күшін толығымен жойды. Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Ұлттық қордың жоғарыда аталған активтері тыйым салудан босатылды.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0