Видео

Бір тәулікте 16 мың рейс: елорданы қардан тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтанда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Күн сайын қарды тазалауға 2 мыңнан астам арнайы техника, 1900-ге жуық жол жұмысшылары жұмылдырылды

Бір тәулік ішінде қаладан қар полигондарына 35 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл тәулігіне 2,5 мыңнан астам КАМАЗ рейсі. Қар полигондарына барлығы 16,5 мыңнан астам рейс жасалды.

Қалада барлығы 4 қар полигоны, резервте тағы 6 қар полигоны бар. Қар полигондарында тәулік бойы бейнебақылау мен бақылаудың заманауи жүйесі орнатылған. Жүйе кіру және шығу кезінде арнайы техниканың мемлекеттік нөмірін, келу уақыты мен күнін тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл жүктің көлемі мен мазмұнын есепке алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, полигон жұмысын тиісті бақылау ауданды санитарлық тазалаумен байланысты мердігер ұйымдарды тәртіпке келтіруге және рейстерді тіркеу кезінде адам факторын болдырмауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, қыс мезгілі басталғаннан бері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0