Мәдениет

Әміре мен Әлішер ресейліктерді тағы таңғалдырды - видео

© Photo : Pixabay / Rudy and Peter SkitteriansМикрофон, сцена, иллюстративное фото
Микрофон, сцена, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2021
Жазылу
Жоба тәлімгерлерінің бірі Дима Билан Әлішер Кәрімовтың вокалдық қабілетіне жоғара баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Әлішер Кәрімов пен "Әміре" лақап атымен танымал Ернар Садырбаев ресейлік "Голос" шоуының келесі кезеңіне өтті.

Әлішер қарсыласы Полина Клинниковамен "The Prayer" әнін орындады.

Александр Градский Әлішер Кәрімовті таңдады.

Жоба тәлімгерлерінің бірі Дима Билан болса Әлішер Кәрімовтің вокалдық қабілетіне жоғара баға берді.

"Әлішердің орындауын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны әлемдік деңгейдегі орындаушылармен қатарға қоюға болады. Тембр мен дауыс күшін бір мезетте қалай қатар алып шығуға болатынын таңданып отырмын. Әлішер — ғажап музыкант", — деді ол.

Дима Биланның тобындағы Ернар Садырбаев пен Рустим Бахтияров "Мне с детства снилась высота" композиясын шырқады.

Александр Градскийдің айтуынша, ол бұл әнді 1980 жылғы Олимпиадаға арналған фильм үшін орындаған. Ол екі әншінің орындауы көңілінен шыққанын айтты. 

"Менің ойымша Ернармен бұдан да қызығырақ музыка жасап көруге болады", — деді ол.

Еске сала кетсек, өткен аптада тағы бір қазақстандық Әділхан Макин байқаудың келесі кезеңіне өтпей қалған болатын. 

Оқи отырыңыз: 

Әлішер Кәрімов "Ресей дауысы" шоуында өнер көрсетті – видео

Қазақстандық әнші "Дауыс" байқауының тәлімгерлерін таңғалдырды – видео

Жаңалықтар
0